Түйіндеме

ООЛ проблемалары бойынша тартылған мүдделі тараптар үшін әлеуетті құру жөніндегі оқыту модулінің бағдарламасы осы уытты заттардың әсер етуінің адам денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйіне күрделі теріс салдарлары туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның ООЛ-мен ластану проблемаларын шешуге жұртшылықтың назарын аудару, адам денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға ООЛ теріс жүктемесін төмендетуге мүмкіндік беретін жолдар мен тәсілдерді табу; ООЛ проблемалары және ООЛ туралы Стокгольм конвенциясы туралы Қазақстан азаматтарының хабардар болуын арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Адам денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйіне ООЛ теріс жүктемесін төмендетуге қатысты шешімдер қабылдау кезінде жұртшылық пен билік органдары арасындағы серіктестікті нығайту.

Денсаулыққа ООЛ әсер етуі және осы жүктемені төмендету жөніндегі қызмет туралы халықтың хабардар болуын арттыру.

Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттемелерді орындау стратегиясын ресми көрсету үшін онда химиялық заттар тізіміндегі соңғы түзетулерді көрсете отырып, Ұлттық орындау жоспарын (ҰОЖ) қайта қарау мен жаңартуға жұртшылықтың қатысуын кеңейту.

Қазақстанда ООЛ түгендеу, бақылау және мониторингілеу бойынша мүдделі тараптар үшін әлеуетті айқындау.

Оқыту модулі Стокгольм конвенциясы қандай химиялық заттарды реттейтіні; Конвенция Тараптарының міндеттемелері және оны іске асыру тетіктері неге негізделгені; адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ООЛ әсер етуінің тәуекелдері қандай екендігі; ұлттық заңнамамен белгіленген ООЛ-мен жұмыс істеуді реттеу тетіктері қандай екендігі, институционалдық рөлдер және жауапкершіліктер туралы түсінік береді.

Модульде сондай-ақ ООЛ түгендеу, бақылау және мониторингілеу саласындағы істердің жай-күйі, сондай-ақ халықаралық құжаттарға сәйкес осы басқару түрлерін жетілдірудің перспективалық бағыттары қаралады.

Модуль адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне жаңа уытты заттардың әсер етуі туралы халықтың хабардар бойынша арттыру қажеттілігін қоса алғанда, Конвенцияны Қазақстанда іске асыру проблемаларымен танысуды ұсынады.

Веб-порталда орналастырылған модульдің материалдары келесі нысаналы топтарды: өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдерін, қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындардың мамандарын, мемлекеттік қызметшілерді, сынақ зертханалары мен орталықтардың, экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерін, бизнес секторының, азаматтық қоғамның және БАҚ өкілдерін оқыту үшін пайдаланылулары мүмкін.

Бағдарламаның әзірлеушілері орнықты органикалық ластағыштар мәселелеріне назары мен қызығушылығы үшін мыналардың атынан Жаһандық экологиялық қорға, ҚР Энергетика министрлігіне және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасына:

Расул Рахимов – Орнықты даму және урбанизация департаментінің директорына;

Нина Гор – БҰҰДБ «Қазақстанда Ұлттық орындау жоспарын жаңарту, орнықты органикалық ластағыштарды басқаруды ұлттық жоспарлау және медициналық қалдықтарды ұтымды басқару процесіне кіріктіру» жобасының менеджеріне

және осы Бағдарламаны әзірлеуге қатысқан барлық адамдарға жүргізілген жұмыс, құнды ескертулер, толықтырулар мен ұсыныстар үшін шынайы ризашылығын білдіреді

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы