ТҮЙІНДЕМЕ

Сынапты қолдану және оның қоршаған ортада таралу тәуекелдері, сынапты түгендеу, эмиссияларының көздері және деректер базаларында деректерді іздестіру бойынша әлеуетті арттыру жөніндегі оқыту модулінің бағдарламасы сынаптың адам денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйіне күрделі теріс салдарлары туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған.

Жұртшылық сынаппен ластанумен байланысты ахуал туралы өте аз хабардар және шешімдер қабылдау процесіне әрдайым тартылмаған. Олар кәсіпорындардың уытты шығарындылары, азық-түлік өнімдеріндегі сынапты құрамының деңгейі, денсаулыққа әсер етуі туралы ақпаратты ресми көздерден алу кезінде күрделі проблемалармен кездесуге мәжбүр. Осының барлығы ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға неғұрлым белсенді қатысуға ұмтылатын жұртшылыққа кедергілер тудырады.

Бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның сынаппен ластану проблемаларын шешуге жұртшылықтың назарын аудару, адам денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға сынаппен ластанудың теріс жүктемесін төмендетуге мүмкіндік беретін жолдар мен тәсілдерді табу; осы проблема туралы Қазақстан азаматтарының хабардар болуын арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Адам денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйіне сынаппен ластанудың теріс жүктемесін төмендетуге қатысты шешімдер қабылдау кезінде жұртшылық пен билік органдары арасындағы серіктестікті нығайту.

Денсаулыққа сынаптың әсер етуі және атмосферадағы, судағы, топырақ пен балықтардағы сынаппен ластанудың өсуін төмендету жөніндегі қызмет туралы халықтың хабардар болуын арттыру, құрамында сынап бар тауарларды жою, құрамында сынап жоқ балама тауарларды алға тарту.

Сынаппен ластануларды қолданыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалар мен жоспарларға, не адам денсаулығы мен қоршаған ортаға сынаптың теріс әсер етуін төмендету жөніндегі орындау жоспарын (ҰОЖ) әзірлеуге қосу бойынша қызметке жұртшылықтың қатысуын кеңейту.

Сынапты түгендеу және оның эмиссияларының көздері және деректер базаларында деректерді іздестіру бойынша әлеуетті айқындау.

Модульдің материалдары келесі нысаналы топтарды: өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдерін, қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындардың мамандарын, мемлекеттік қызметшілерді, сынап зертханалары мен орталықтардың, экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерін, бизнес секторының, азаматтық қоғамның және БАҚ өкілдерін жаттықтыруды өткізу үшін пайдаланылулары мүмкін

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы