7-9- ақпанда Қостанай қаласында Германияның халықаралық сарапшысы сондай-ақ қалдықтарды залалсыздандыру тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауды қосатын автоклавтарды кешенді бақылаулы тестілеуді жүргізді.

БҰҰДБ/ЖЭҚ/ҚР Энергетика министрлігінің орнықты органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ООЛ) және медициналық қалдықтар жөніндегі жобасының шеңберінде жобаның пилоттық өңірлері – ШҚО (Өскемен қ., Зайсан қ., Үлкен нарым а.), Қостанай облысы (Қостанай қ., Жітіқара., Рудный қ.) және Астана қаласы үшін инфекцияланған медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклавтар сатып алынды.

7-9- ақпанда Қостанай қаласында Германияның халықаралық сарапшысы сондай-ақ қалдықтарды залалсыздандыру тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауды қосатын автоклавтарды кешенді бақылаулы тестілеуді жүргізді.

Қалдықтарды залалсыздандыру тиімділігі тиісті еуропалық нормалар негізінде бағаланды және калибрленген тіркеу құрылғысымен термометрлік тестілеуді, биологиялық индикаторларды пайдаланумен бактериологиялық тестілеуді және «Бови-Дик» тесті мен бос қалыпты тестін пайдаланумен аулаққа шығарылған ауаны химиялық-физикалық тестілеуді қосты. Тест нәтижелері автоклавтар медициналық қалдықтарды толық залалсыздандыруды қамтамасыз ететінін және залалсыздандырылған пластик пен болатты қайталама пайдалану үшін мүмкіндік беретінін растады.

Мерзімі өтіп кеткен дәрілер

 

Мерзімі өтіп кеткен дәрілер жиі түрде адам ағзасына әсерін болжау мүмкін болмайтын биологиялық субстанциялардың немесе химиялық қосылыстардың үйлесуі болып табылады. Осындай препараттар абсолютті түрде пайдасыз болады, сондай-ақ қолдану үшін де, тұрғын үйде немесе медициналық мекеме аумағында сақтау үшін де өте қауіпті.

Мерзімі өтіп кеткен дәрілік құралдарды қоқыс құбырына лақтыруға немесе үйіндіге өз бетінше әкетуге қатаң түрде жол берілмейді.

Осыған байланысты БҰҰДБ «Қазақстанда Ұлттық орындау жоспарын жаңарту, орнықты органикалық ластағыштарды басқаруды ұлттық жоспарлау және медициналық қалдықтарды ұтымды басқару процесіне кіріктіру» жобасының шеңберінде мемлекеттік, қоғамдық ұйымдармен және бизнес құрылымдарымен серіктестікте Астана қаласының «Цветная» дәріханалар желісінде арнаулы контейнерлер орнатып, жарамсыз және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік құралдарды жинау бекеттерін ұйымдастырды.

Сынып қалған сынап градусниктерінен сынаптың адам мен қоршаған ортаға әсер етуін барынша төмендету үшін жоба шеңберінде Өскемен, Семей, Қостанай, Астана қалаларының барлық медициналық мекемелерінде, сондай-ақ Астана қаласының орта мектептерінің, колледждерінің және бала бақшаларының медициналық пункттерінде 15 000 сынап градуснигі электрондықтарға ауыстырылды.

Осы мәселелерге 24 желтоқсанда Астананың № 4 емханасында өткен, Астана қаласында медициналық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жарамдылық мерзімі аяқталған дәрілік құралдарды халықтан жинау, сондай-ақ Астана қаласының білім беру мекемелерінің медициналық қызметкерлері үшін медициналық сынап термометрлерін неғұрлым қауіпсіз электрондықтарға ауыстыру жөніндегі қоғамдық науқанды бастауға арналған баспасөз конференциясы арналды.

Орнықты органикалық ластағыштармен, сынаппен және медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелерін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, мүдделі тараптар талқылайды

2015 жылғы 19-27 қазанда Астана, Қостанай, Өскемен қалаларында «Орнықты органикалық ластағыштармен, сынаппен және медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу» семинарлар сериясы өтеді. Семинар мақсаты – медициналық қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту, сынаппен ластанудың алдын алу, қоршаған ортаға ООЛ әсер етуін барынша азайту бойынша хабардар болуды арттыру және ведомствоаралық өзара әрекеттесуді күшейту.

Семинарларды ҚР Үкіметі/БҰҰДБ/ЖЭҚ «Қазақстанда Ұлттық орындау жоспарын жаңарту, орнықты органикалық ластағыштарды басқаруды ұлттық жоспарлау және медициналық қалдықтарды ұтымды басқару процесіне кіріктіру» бірлескен жобасының шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі мен БҰҰДБ өткізеді. Семинарды ұйымдастырушы «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығы болып табылады.

Семинарлар шеңберінде қатысушылар медициналық қалдықтарды басқару, орнықты органикалық ластағыштар мен сынаптың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуін барынша азайту саласындағы өзекті проблемаларды, сондай-ақ бар проблемалардың шешудің мүмкін болатын жолдарын талқылайды. Семинарларда сондай-ақ химиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық конвенциялардың ережелерін іске асыру мәселелері, сынапты және құрамында сынап бар қалдықтарды қауіпсіз басқару саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік базасын дамыту, Қазақстанда медициналық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қаралатын болады. Семинарға қатысушылар мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуін, басымдықтар мен көрсетілген проблемаларды шешу жөніндегі одан әрі әрекеттерді талқылайды.

Семинарға мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қауымдастықтардың, аналитикалық зертханалардың, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындардың, медициналық мекемелердің, ЖОО және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Семинар Астана қаласында 2015 жылғы 19 қазанда Сарыарқа көшесі, 15-үй, «Іскер» бизнес орталығының конференц-залында өтеді.

Семинар Өскемен қаласында 2015 жылғы 21 қазанда Астана көшесі, 8/1-үй, «ShinyRiver» қонақ үйінің конференц-залында өтеді.

Семинар Қостанай қаласында 2015 жылғы 27 қазанда 5 сәуір, 64-үй, «Тобыл» қонақ үйінің конференц-залында өтеді.

 

Шақырылатын БАҚ осы іс-шараны жария етсін. Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">СЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы бойынша аккредитация алуға болады.

 

Байланыс телефон нөмірі: +7 776 255 84 21, Айжан Рысқұлова, Юлия Душкина

 

 

Ұйымдастырушы: «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығы» қоғамдық қоры

Алматы, Сейфуллин даңғылы, 597-үй, 414-кеңсе

Тел.: +7 727 255 87 78, +7 776 255 84 21

 

«Диоксин 2015» халықаралық ұйымы ұйымдастырған Орнықты органикалық ластағыштар жөніндегі халықаралық симпозиумы.

 «Қазақстанда Ұлттық орындау жоспарын жаңарту, орнықты органикалық ластағыштарды басқаруды ұлттық жоспарлау және медициналық қалдықтарды ұтымды басқару процесіне кіріктіру» жобасының шеңберінде БҰҰДБ сарапшылары және қоршаған ортадағы қауіпті қалдықтардың мемлекеттік мониторингі және диоксиндерді талдауды жүргізу үшін жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері 2015 жылғы 23-28 тамызда Бразилияда Сан Паоло қаласында «Диоксин 2015» халықаралық ұйымы ұйымдастырған Орнықты органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ООЛ) жөніндегі халықаралық симпозиумға қатысты. Осы симпозиум шеңберінде талдау, тәуекелін бағалау, түгендеу әдістерін, BAT&BEP (ең жақсы қолданбады технологиялар / ең жақсы экологиялық практикалар), сынамаларды пассивтік іріктеп алуды, қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуін қоса алғанда, ООЛ жөніндегі жаңа ғылыми зерттеулер ұсынылды. Осы іс-шараға АҚШ-тан, Жапониядан, Чехиядан, Канададан, Франциядан, Нидерландтан және басқа елдерден ООЛ саласындағы жетекші мамандар қатысты.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы