Қазақстан Республикасының Үкіметі, БҰҰ Даму бағдарламасы және Жаһандық экологиялық қор: жобаны іске асыру қорытындылары және ынтымақтасудың жаңа перспективалары

2017 жылғы 18 қыркүйек, Астана – Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, БҰҰ Даму Бағдарламасының «БҰҰДБ» және Жаһандық экологиялық қордың «Қазақстанда Ұлттық орындау жоспарын жаңарту, орнықты органикалық ластағыштарды басқаруды ұлттық жоспарлау және медициналық қалдықтарды ұтымды басқару процесіне кіріктіру» бірлескен жобасын іске асыру аяқталады.

 

18 қыркүйекте «Қазақстанда қауіпті химиялық заттарды және қалдықтарды ұтымды басқару: мақсаттары, нәтижелері және перспективалары» атты қорытынды конференциясы өтті, оның мақсаты Жобаның қол жеткізілген нәтижелерін қарастыру, сондай-ақ қауіпті химиялық заттарды және қалдықтарды ұтымды басқаруды алға тарту бойынша жекелеген ұлттық және халықаралық тәжірибелермен танысу болып табылады.

 

Келесі күні Қазақстан республикасы Үкіметінің, БҰҰДБ, ЖЭҚ іске асырылуы 2017 – 2019 жылдарға жоспарланған «Минамата конвенциясының шеңберінде Қазақстанды бастапқы бағалау» жаңа бірлескен жобасын жөніндегі кіріспе семинар өткізілді. Жоба бағытталған Сынапты бастапқы бағалауда Қазақстан Республикасының Үкіметіне қолдау көрсетуге бағытталған, ол елге Минамата конвенциясын ратификациялау үшін ұлттық талаптар мен қажеттіліктерді айқындауға және Конвенцияны іске асыру бойынша одан әрі жұмыс үшін негіз құруға мүмкіндік береді.

 

«Медициналық қалдықтар жөніндегі жоба жобаның пилоттық өңірлерінде Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі жеті орталықты құру арқылы медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқаруға экологиялық негізделген тәсілдің практикалық нәтижелерін ойдағыдай көрсетті. Бұл ретте біз бірден ҚР Жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманың және Орнықты органикалық ластағыштар жөніндегі Стокгольм конвенциясының бірнеше мақсатына қол жеткіздік: уытты заттардың шығарындылары кемуде, шикізатты қайталама пайдалану үшін жағдайлар жасалуда, сондай-ақ ең жақсы қолжетімді технологиялар пайдалануда. Бұдан басқа, Жоба Стокгольм конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін Ұлттық орындау жоспарын әдейі емес түзілетін және жаңа орнықты органикалық ластағыштар (ООЛ) бойынша жаңарту бөлігінде Қазақстан Республикасына мәнді қолдау көрсетті. Сондай-ақ сынапты түгендеудің 1-ші кезеңін өткізу және Минамата конвенциясын одан әрі ратификациялауда Қазақстан Республикасына жәрдем көрсету бойынша жүргізілген жұмыс бөлігінде жобаның үлкен үлесін атап өту қажет», деп айтты ҚР Энергетика министрлігінің қалдықтарды басқару директоры Жан Нұрбеков.

 

«Жобаның арқасында біз қауіпті медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған заманауи жабдық алдық. Біз экологиялық таза, қоршаған ортаның уытты заттармен ластануын толығымен болдырмайтын жаңа технологияларға көшуді біржақты талап ететін балама пайда болғанына өте қуаныштымыз. Біз жалпы Қазақстан бойынша барлық жерлерде экологиялық таза, еуропалық деңгейдегі және еуропалық сападағы технологиялар енгізілгенін қалаймыз», деп айтты Қостанай облысының облыстық наркология диспансерінің бас дәрігері Владимир Михайленко.

 

Қосымша ақпарат үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Байланыстар жөніндегі ассистенті Анар Қасымовамен Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы немесе +77172 69 65 44 (2629) телефоны бойынша байланысуды сұраймыз.

                                                                ###  ###  ###

БҰҰДБ елдер дағдарысқа қарсы тұра алулары үшін олардың мемлекеттік құрылысына жәрдем көрсете отырып, әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін өсуді мақұлдап және қолдап, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. 170-тен астам ел мен аумақтарға барып жұмыс істей отырып, біз адамдардың неғұрлым толық құқылы өміріне ықпал ететін және мемлекеттердің өмірге қабілеттіліктерін арттыратын жаһандық көзқарас пен оқшаулы шешім ұсынамыз.

 

Қазақстан Республикасының сынапты пайдалануды қысқарту және оны жинау бойынша ұлттық жоспары (жоба)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне «Қазақстанда Ұлттық орындау жоспарын жаңарту, орнықты органикалық ластағыштарды басқаруды ұлттық жоспарлау және медициналық қалдықтарды ұтымды басқару процесіне кіріктіру» БҰҰДБ/ЖЭҚ жобасын іске асыру барысында Сынапты бастапқы түгендеу нәтижелері бойынша әзірленген «Қазақстан Республикасының сынапты пайдалануды қысқарту және оны жинау бойынша ұлттық жоспарының» жобасы қарастыру мен келісуге жолданды

Жоспар Қазақстанның Сынап туралы Минамата конвенциясын ратификациялауы аясында Қазақстан Республикасында сынапты реттеу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ ұсынылатын іс-шараларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына кіріктіруді көздейді. Оларды іске асыру «тарихи» және әлеуетті сынаппен ластанулардан тәуекелді төмендетуге, сондай-ақ Конвенцияның заңгерлік міндетті талаптарын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп күтіледі.

Есептік толық нұсқасы (жүктеп алу) мекенжайы бойынша орналастырылған. Жоспар жобасына комментарийлерді, ұсыныстар мен ескертулерді Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жолдауға

болады. Ұсынылған комментарийлер Жобаны түпкілікті пысықтаған кезде қарастырылып, ескерілетін болады.

БҰҰДБ медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі қондырғыларды іске қосады.

2017 жылғы 17 наурызда Өскемен қаласы – БҰҰ Даму бағдарламасы, Жаһандық экологиялық қор және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі іске асыратын орнықты органикалық ластағыштар (ООЛ) мен медициналық қалдықтар жөніндегі жобаның шеңберінде «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК, Өскемен қаласы, Өтепов көшесі 37-37 мекенжайы бойынша медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі қондырғыны ашу өтті.

Жобаның мақсаты Стокгольм конвенциясы бойынша елдің тиісті міндеттемелерін орындауда біле тұра түзілетін ООЛ мен басқа зиянды ластағыштардың қоршаған ортаға шығарындыларын төмендету үшін Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұтымды басқаруды алға тарту арқылы оған жәрдем көрсету болып табылады.

Қазіргі уақытта түзілетін инфекцияланған медициналық қалдықтардың 90%-ға жуығы жағу жолымен жойылады. Негізінен жағу әдеттегі инсинераторларда (пештерде) жүргізіледі. Бұдан басқа, кейбір денсаулық сақтау ұйымдары өздерінің қалдықтарын осындай мақсаттарға арналмаған муфельдік пештерде өз бетінше жағады, бұл қоршаған ортаға диоксиндердің түсуіне әкеледі. Диоксиндер – бұл канцерогенді болып табылатын жоғары уытты заттар және адамның эндокриндік, жүйке, көбею, иммундық жүйелерінің қабынуларын туындайды. Олар әлсіз ыдырайды және ауаны, суды, тамақты қоса алғанда қоршаған ортада да, адам ағзасында да жинақталады. БҰҰДБ жүргізген зерттеу медициналық қалдықтарды жою жөніндегі қондырғылардан бөлінетін газдардағы диоксиндер құрамының Еуропа одағының стандарттарына қатысты 28 есе артық болуын көрсетті.

 

Жоба шеңберінде «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК, Қатон Қарағай ауданының «Орталық аудандық ауруханасы» КМҚК және «Зайсан ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК негізінде Мамандандырылған орталықтарды құра отырып, инфекцияланған медициналық қалдықтарды жоғары қысыммен қаныққан бумен залалсыздандыруға арналған мамандандырылған автоклавтар сатып алынды және орнатылды.

Орталықтарға медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклавтардан басқа медициналық қалдықтарды жинау мен тасымалдауға арналған мамандандырылған автомашиналар мен контейнерлер сатып алынады.

Ұсынылатын медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесі қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендетуден басқа пластиктің залалсыздандырылған қалдықтарын және басқа қалдықтарды қайталама шикізатқа тартуға мүмкіндік береді.

Одан әрі алынған тәжірибені Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану жоспарланады.

 

Қазір біздің Орталық меншікті қалдықтарын залалсыздандырумен қатар қаладағы басқа медициналық ұйымдарға, бұл ретте экологиялық қауіпсіз тәсілмен қызмет көрсететін болады. Бұдан басқа, алдын ала есептеулер бойынша залалсыздандырудың өзіндік құны мемлекеттік сатып алу

конкурстарының оң нәтижелеріне есептеме жасағанға қарағанда төмен болады. Алайда, кез келген жағдайда, қауіпті қалдықтарды тасымалдау жөніндегі талаптарды және оларды залалсыздандыру жүйесі мен оған қойылатын талаптарды назарға ала отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі үшін бағалық ұсыныс бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу оңтайлы болмайды,» деп айтты «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Сергей Попов.

 

Қосымша ақпарат үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Дина Тельтаевамен хабарласуды сұраймыз: электрондық поштасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. немесе телефоны тел. +77172 69 65 44 (2124)

 

### ### ###

 

БҰҰДЖБ елдер дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін олардың мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып, әрбір адамның өмір сұру сапасын жақсартуға әкелетін өсімді мадақтай және қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. 170 ел мен аумақтан астам жерлерде жұмыс істей отырып, біз адамдардың неғұрлым тең құқылы өміріне ықпал ететін және мемлекеттердің өмір сүру қабілеттерін арттыратын жаһандық көзқарас пен оқшау шешімдер ұсынамыз.

Қостанайда, Өскеменде және Астанада «Орнықты органикалық ластағыштармен (ООЛ), сынаппен және медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу» тақырыбына тренингтер өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлескен БҰҰДБ-ЖЭҚ Орнықты органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ООЛ) және медициналық қалдықтар жөніндегі жобасын іске асыру шеңберінде БҰҰДБ-ЖЭҚ және ҚР ИДМ энергия тиімді жарықтандыру жөніндегі жобасымен бірлесіп, 2017 жылғы 13-15 наурызда Қостанай қаласында, 16-17 наурызда Өскемен қаласында және 17-18 сәуірде Астана қаласында «Орнықты органикалық ластағыштармен (ООЛ), сынаппен және медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу» тақырыбына тренингтер өткізілді. Осы тренингке қатысушылар барлық Қазақстанның аймақтардан Денсаулық сақтау басқармаларының, Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының, Экология департаменттерінің, Табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері болып табылады. Қазақстанда өндіріс және тұтыныс қалдықтарымен жұмыс істеу мәселелері, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы, сондай-ақ медициналық қалдықтарды залалсыздандыру саласындағы «жасыл» мемлекеттік сатып алу қаралды. Бұдан басқа, Стокгольм конвенциясы бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау жөніндегі Ұлттық жоспар, қоршаған орта объектілерінде ООЛ мониторингінің нәтижелері, сондай-ақ сынапты реттеу мәселелері және медициналық қалдықтарды басқару мен автоклавтарды пайдалану жөніндегі практикалық ұсынымдар ұсынылды.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мамандар медициналық қалдықтарды басқару бойынша оқытудан тұрақты өтулері тиіс. Сондықтан осындай, әсіресе практикалық тәжірибесімен, медициналық қалдықтарды басқару кезіндегі қателіктермен және оларды болдырмаумен бөлісетін халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін тренингтер өте өзекті және уақытылы. Бұдан басқа, қалдықтарды қауіпсіз залалсыздандыруға да, алынған қауіпсіз материалдарды қайталама пайдалануға да мүмкіндік беретін инфекцияланған медициналық қалдықтарды залалсыздандырудың экологиялық қауіпсіз әдістері көрсетілді», – деп айтты Шығыс Қазақстан облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Татьяна Башкирцева.

Презентациялар – Қостанай, Өскемен

Презентациялар – Астана

БҰҰДБ медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі қондырғыларды іске қосады

 

2017 жылғы 14 наурызда Қостанай қаласы – БҰҰ Даму бағдарламасы, Жаһандық экологиялық қор және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі іске асыратын орнықты органикалық ластағыштар (ООЛ) мен медициналық қалдықтар жөніндегі жобаның шеңберінде Қостанай қаласы, Пригородная көшесі 1 мекенжайы бойынша сағат 11.00-де медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі қондырғыны ашу өтті.

Жобаның мақсаты Стокгольм конвенциясы бойынша елдің тиісті міндеттемелерін орындауда біле тұра түзілетін ООЛ мен басқа зиянды ластағыштардың қоршаған ортаға шығарындыларын төмендету үшін Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұтымды басқаруды алға тарту арқылы оған жәрдем көрсету болып табылады.

 

Қазіргі уақытта түзілетін инфекцияланған медициналық қалдықтардың 90%-ға жуығы жағу жолымен жойылады. Негізінен жағу әдеттегі инсинераторларда (пештерде) жүргізіледі. Бұдан басқа, кейбір денсаулық сақтау ұйымдары өздерінің қалдықтарын осындай мақсаттарға арналмаған муфельдік пештерде өз бетінше жағады, бұл қоршаған ортаға диоксиндердің түсуіне әкеледі. Диоксиндер – бұл канцерогенді болып табылатын жоғары уытты заттар және адамның эндокриндік, жүйке, көбею, иммундық жүйелерінің қабынуларын туындайды. Олар әлсіз ыдырайды және ауаны, суды, тамақты қоса алғанда қоршаған ортада да, адам ағзасында да жинақталады. БҰҰДБ жүргізген зерттеу медициналық қалдықтарды жою жөніндегі қондырғылардан бөлінетін газдардағы диоксиндер құрамының Еуропа одағының стандарттарына қатысты 28 есе артық болуын көрсетті.

 

Жоба шеңберінде «Костанай экомедутилизация 2016» ЖШС, Қостанай облысы Әкімдігінің ДБ «Жітіқара орталық аудандық ауруханасы» КМК (Жітіқара қ.) және Қостанай облысы әкімдігінің ДБ «Рудный қалалық ауруханасы» КМК (Рудный қ.) негізінде Мамандандырылған орталықтарды құра отырып, инфекцияланған медициналық қалдықтарды жоғары қысыммен қаныққан бумен залалсыздандыруға арналған мамандандырылған автоклавтар сатып алынды және орнатылды.

 

Орталықтарға медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклавтардан басқа медициналық қалдықтарды жинау мен тасымалдауға арналған мамандандырылған автомашиналар мен контейнерлер сатып алынады.

Ұсынылатын медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесі қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендетуден басқа пластиктің залалсыздандырылған қалдықтарын және басқа қалдықтарды қайталама шикізатқа тартуға мүмкіндік береді.

Одан әрі алынған тәжірибені Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану жоспарланады.

 

«Медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару жүйесін қалыптастыру қалдықтар түзілуінің алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайталама пайдалану бойынша шаралар қабылдау бөлігінде Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі Қазақстанның күрделі ұстанымын растайды», - деп

айтты БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.

«Инфекцияланған медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклавтарды енгізу қасақана емес түзілетін орнықты органикалық ластағыштардың эмиссияларын төмендету бөлігінде ең жақсы қолда бар технологияларды енгізу бойынша Стокгольм конвенциясының талаптарына сәйкес келеді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамада ауаның диоксиндермен ластану проблемасы айтылған. Сондай-ақ мұнда Жасыл экономиканың ресурс үнемдеу бойынша негіз қалаушы қағидаттарының бірі туралы айтуға болады, өйткені медициналық қалдықтар, атам айтқанда – пластик пен болат бумен өңделгеннен кейін қайталама шикізат ретінде қайталама пайдаланылулары мүмкін. Осы тәжірибенің Қазақстанның басқа қалаларында, бұдан кейін ұлттық деңгейде одан әрі қайталануы Қазақстан Республикасының ұлттық және стратегиялық міндеттемелерін іске асыруының жоғары көрсеткіштерінің бірі бола алады», - деп айтты ҚР Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Жан Нұрбеков.

«Инсинераторлардың жұмысы, әрине, жұртшылық тарапынан да, мемлекеттік органдардың тарапынан да келіспеушілік туындады. Алайда, басқа баламаның болмауынан біз оларды пайдалануды жалғастырдық. Инсинераторларды автоклавтарға ауыстыру экологиялық, эпидемиологиялық талаптар мен жұртшылық пікірі арасында теңгерім табуға мүмкіндік береді. Қостанай қаласы үшін БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауы өте маңызды, өйткені осындай жабдықты сатып алу жергілікті бюджет үшін едәуір қиынға түсер еді,» - деп айтты Облыстық есірткі диспансерінің бас дәрігері Владимир Михайленко.

Қосымша ақпарат үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Дина Тельтаевамен хабарласуды сұраймыз: электрондық поштасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. немесе телефоны тел. +77172 69 65 44 (2124)

 ### ### ###

 БҰҰДЖБ елдер дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін олардың мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып, әрбір адамның өмір сұру сапасын жақсартуға әкелетін өсімді мадақтай және қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. 170 ел мен аумақтан астам жерлерде жұмыс істей отырып, біз адамдардың неғұрлым тең құқылы өміріне ықпал ететін және мемлекеттердің өмір сүру қабілеттерін арттыратын жаһандық көзқарас пен оқшау шешімдер ұсынамыз.

Қоршаған ортадағы зияны заттарды мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

2017 жылғы 24 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігінде БҰҰДБ/ЖЭҚ/ҚР Энергетика министрлігінің Орнықты органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ООЛ) және медициналық қалдықтар жөніндегі бірлескен жобасының шеңберінде ҚР Энергетика министрлігінің Экология департаменттерінің 16 өңір зертханасының басшылары үшін қоршаған ортадағы зияны заттарды мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинарға қатысушыларға Стокгольм конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелері, БҰҰДБ жобасы жүргізген қоршаған орта объектілеріндегі ООЛ мониторингінің нәтижелері, ООЛ талдау үшін метрологиялық қамтамасыз ету, ПХД айқындау үшін заңнамалық және әдіснамалық база және пестицидтердің қолданылуына мемлекеттік экологиялық бақылау мәселелері ұсынылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында сынапты түгендеу нәтижелері және қоршаған орта мен адам ағзасындағы сынап құрамы бойынша зерттеулер талқыланды.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы