«Жасыл даму» АҚ негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қалпына келтіру мен сақтау бойынша жағдай жасау болып табылады.

«Жасыл даму» АҚ негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қалпына келтіру мен сақтау  бойынша жағдай жасау болып табылады. Аталған міндетті орындау шеңберінде екі негізгі мақсат бар: - Барлық қалдықтар түрлерін пайдаға асыру (құзыреттілік… Толығырақ...

ҰАО-ның қатысуымен өтетін іс-шаралар

ҰАО (Ұлттық аккредиттеу орталығы) негізінде өткен Верификаторлар форумы       ҰАО-ға сілтеме 2017 жылғы 21 ақпанда климаттың…
Ақпан 24, 2017

Хабарландыру

«Жасыл Даму» АҚ Маңғыстау облысы бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды (Жаңаөзен қ.…
Ақпан 15, 2017

Қазақстан парниктік газдар шығарындылары бойынша есептіліктің электронды нысанын жасап шығарады.

АСТАНА, Дүниежүзілік банк, 2017 ж. 26 қаңтар – Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп…
Қаңтар 26, 2017

Конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама

«Жасыл Даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 «Сот шешімімен республикалық…
Желтоксан 29, 2016

Қостанайда, Өскеменде және Астанада «Орнықты органикалық ластағыштармен (ООЛ), сынаппен және медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу» тақырыбына тренингтер өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлескен БҰҰДБ-ЖЭҚ Орнықты органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ООЛ) және медициналық қалдықтар жөніндегі жобасын іске асыру шеңберінде БҰҰДБ-ЖЭҚ және ҚР ИДМ энергия тиімді жарықтандыру жөніндегі жобасымен бірлесіп, 2017 жылғы 13-15 наурызда Қостанай қаласында, 16-17 наурызда Өскемен қаласында және 17-18 сәуірде Астана қаласында «Орнықты органикалық ластағыштармен (ООЛ), сынаппен және медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу» тақырыбына тренингтер өткізілді. Осы тренингке қатысушылар барлық Қазақстанның аймақтардан Денсаулық сақтау басқармаларының, Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының, Экология департаменттерінің, Табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері болып табылады. Қазақстанда өндіріс және тұтыныс қалдықтарымен жұмыс істеу мәселелері, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы, сондай-ақ медициналық қалдықтарды залалсыздандыру саласындағы «жасыл» мемлекеттік сатып алу қаралды. Бұдан басқа, Стокгольм конвенциясы бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау жөніндегі Ұлттық жоспар, қоршаған орта объектілерінде ООЛ мониторингінің нәтижелері, сондай-ақ сынапты реттеу мәселелері және медициналық қалдықтарды басқару мен автоклавтарды пайдалану жөніндегі практикалық ұсынымдар ұсынылды.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мамандар медициналық қалдықтарды басқару бойынша оқытудан тұрақты өтулері тиіс. Сондықтан осындай, әсіресе практикалық тәжірибесімен, медициналық қалдықтарды басқару кезіндегі қателіктермен және оларды болдырмаумен бөлісетін халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін тренингтер өте өзекті және уақытылы. Бұдан басқа, қалдықтарды қауіпсіз залалсыздандыруға да, алынған қауіпсіз материалдарды қайталама пайдалануға да мүмкіндік беретін инфекцияланған медициналық қалдықтарды залалсыздандырудың экологиялық қауіпсіз әдістері көрсетілді», – деп айтты Шығыс Қазақстан облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Татьяна Башкирцева.

Презентациялар – Қостанай, Өскемен

Презентациялар – Астана

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы