«Жасыл даму» АҚ негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қалпына келтіру мен сақтау бойынша жағдай жасау болып табылады.

«Жасыл даму» АҚ негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қалпына келтіру мен сақтау  бойынша жағдай жасау болып табылады. Аталған міндетті орындау шеңберінде екі негізгі мақсат бар: - Барлық қалдықтар түрлерін пайдаға асыру (құзыреттілік… Толығырақ...

ҰАО-ның қатысуымен өтетін іс-шаралар

ҰАО (Ұлттық аккредиттеу орталығы) негізінде өткен Верификаторлар форумы       ҰАО-ға сілтеме 2017 жылғы 21 ақпанда климаттың…
Ақпан 24, 2017

Хабарландыру

«Жасыл Даму» АҚ Маңғыстау облысы бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды (Жаңаөзен қ.…
Ақпан 15, 2017

Қазақстан парниктік газдар шығарындылары бойынша есептіліктің электронды нысанын жасап шығарады.

АСТАНА, Дүниежүзілік банк, 2017 ж. 26 қаңтар – Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп…
Қаңтар 26, 2017

Конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама

«Жасыл Даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 «Сот шешімімен республикалық…
Желтоксан 29, 2016

БҰҰДБ медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі қондырғыларды іске қосады.

2017 жылғы 17 наурызда Өскемен қаласы – БҰҰ Даму бағдарламасы, Жаһандық экологиялық қор және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі іске асыратын орнықты органикалық ластағыштар (ООЛ) мен медициналық қалдықтар жөніндегі жобаның шеңберінде «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК, Өскемен қаласы, Өтепов көшесі 37-37 мекенжайы бойынша медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі қондырғыны ашу өтті.

Жобаның мақсаты Стокгольм конвенциясы бойынша елдің тиісті міндеттемелерін орындауда біле тұра түзілетін ООЛ мен басқа зиянды ластағыштардың қоршаған ортаға шығарындыларын төмендету үшін Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұтымды басқаруды алға тарту арқылы оған жәрдем көрсету болып табылады.

Қазіргі уақытта түзілетін инфекцияланған медициналық қалдықтардың 90%-ға жуығы жағу жолымен жойылады. Негізінен жағу әдеттегі инсинераторларда (пештерде) жүргізіледі. Бұдан басқа, кейбір денсаулық сақтау ұйымдары өздерінің қалдықтарын осындай мақсаттарға арналмаған муфельдік пештерде өз бетінше жағады, бұл қоршаған ортаға диоксиндердің түсуіне әкеледі. Диоксиндер – бұл канцерогенді болып табылатын жоғары уытты заттар және адамның эндокриндік, жүйке, көбею, иммундық жүйелерінің қабынуларын туындайды. Олар әлсіз ыдырайды және ауаны, суды, тамақты қоса алғанда қоршаған ортада да, адам ағзасында да жинақталады. БҰҰДБ жүргізген зерттеу медициналық қалдықтарды жою жөніндегі қондырғылардан бөлінетін газдардағы диоксиндер құрамының Еуропа одағының стандарттарына қатысты 28 есе артық болуын көрсетті.

 

Жоба шеңберінде «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК, Қатон Қарағай ауданының «Орталық аудандық ауруханасы» КМҚК және «Зайсан ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК негізінде Мамандандырылған орталықтарды құра отырып, инфекцияланған медициналық қалдықтарды жоғары қысыммен қаныққан бумен залалсыздандыруға арналған мамандандырылған автоклавтар сатып алынды және орнатылды.

Орталықтарға медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклавтардан басқа медициналық қалдықтарды жинау мен тасымалдауға арналған мамандандырылған автомашиналар мен контейнерлер сатып алынады.

Ұсынылатын медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесі қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендетуден басқа пластиктің залалсыздандырылған қалдықтарын және басқа қалдықтарды қайталама шикізатқа тартуға мүмкіндік береді.

Одан әрі алынған тәжірибені Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану жоспарланады.

 

Қазір біздің Орталық меншікті қалдықтарын залалсыздандырумен қатар қаладағы басқа медициналық ұйымдарға, бұл ретте экологиялық қауіпсіз тәсілмен қызмет көрсететін болады. Бұдан басқа, алдын ала есептеулер бойынша залалсыздандырудың өзіндік құны мемлекеттік сатып алу

конкурстарының оң нәтижелеріне есептеме жасағанға қарағанда төмен болады. Алайда, кез келген жағдайда, қауіпті қалдықтарды тасымалдау жөніндегі талаптарды және оларды залалсыздандыру жүйесі мен оған қойылатын талаптарды назарға ала отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі үшін бағалық ұсыныс бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу оңтайлы болмайды,» деп айтты «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Сергей Попов.

 

Қосымша ақпарат үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Дина Тельтаевамен хабарласуды сұраймыз: электрондық поштасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. немесе телефоны тел. +77172 69 65 44 (2124)

 

### ### ###

 

БҰҰДЖБ елдер дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін олардың мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып, әрбір адамның өмір сұру сапасын жақсартуға әкелетін өсімді мадақтай және қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. 170 ел мен аумақтан астам жерлерде жұмыс істей отырып, біз адамдардың неғұрлым тең құқылы өміріне ықпал ететін және мемлекеттердің өмір сүру қабілеттерін арттыратын жаһандық көзқарас пен оқшау шешімдер ұсынамыз.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы