«Жасыл даму» АҚ негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қалпына келтіру мен сақтау бойынша жағдай жасау болып табылады.

«Жасыл даму» АҚ негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қалпына келтіру мен сақтау  бойынша жағдай жасау болып табылады. Аталған міндетті орындау шеңберінде екі негізгі мақсат бар: - Барлық қалдықтар түрлерін пайдаға асыру (құзыреттілік… Толығырақ...

ҰАО-ның қатысуымен өтетін іс-шаралар

ҰАО (Ұлттық аккредиттеу орталығы) негізінде өткен Верификаторлар форумы       ҰАО-ға сілтеме 2017 жылғы 21 ақпанда климаттың…
Ақпан 24, 2017

Хабарландыру

«Жасыл Даму» АҚ Маңғыстау облысы бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды (Жаңаөзен қ.…
Ақпан 15, 2017

Қазақстан парниктік газдар шығарындылары бойынша есептіліктің электронды нысанын жасап шығарады.

АСТАНА, Дүниежүзілік банк, 2017 ж. 26 қаңтар – Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп…
Қаңтар 26, 2017

Конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама

«Жасыл Даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 «Сот шешімімен республикалық…
Желтоксан 29, 2016

Конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама

«Жасыл Даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Маңғыстау облысы  бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.  

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау хабарландыру жария етілген күнінен басталады және 2017 жылдың 19 қаңтарында сағ. 13.00-де аяқталады.

Конкурстық ұсыныстар 2017 жылдың 30 қаңтарына сағат 15.00-ге дейін қабылданады.    

Конкурс ұсыныстарымен конверттерді ашу 2017 жылдың 30 қаңтарында сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасы Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1529-кеңсе мекенжайында өтеді.

Қағиданың 13-тармағына сәйкес құжаттар пакетін Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша алуға болады.

Байланысу, конкурстық комиссия хатшысы-Турсынбекова Д.С.Тел.: 8 7172 768255, Астана қ. Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе.

 

Қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы 

 

Лоттар       №

Қалдықтардың атауы

Орналасқан жері

Мөлшері (тонна)

Бағалау құны, теңге

(ҚҚС қоса)

1

Мұнай қалдықтары

 

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қ. маңында

ЦППН аумағында 130,0748 га

304136

74 009 184,17

МУ-3 аумағында

2,4296 га

Бұрынғы Алыбсеноман техникалық су шарбағының аумағында

859,3 га

 

Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның мөлшері 740 091,84 теңге.

Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаны төлеуге деректемелер:

«Жасыл даму»Акционерлік қоғамы

БСН 040340008429

ЖСК  KZ339261501151229000

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ

БСК KZKOKZKX

ҚҚС бойынша куәлік: 18.04.2013 ж.  62001 № 0028813 

Кбе 16

 

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған

иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша

конкурсты өткізу шарттары

 

Осы «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату» конкурсын өткізу шарттары Қазақстан  Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Қағидалар) және сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесіз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) сату бойынша ашық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу кезінде конкурстық комиссия жұмысының тәртiбiн айқындайды.

1. Қалдықтарды «Жасыл даму» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Ұйым) заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатады.

2. Ұйым конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар нысаны бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз негізде ұсынады.

3. Құжаттар пакеті конкурсқа әлеуетті қатысушылардың жазбаша берген өтінішінің негізінде конкурстық комиссияның хатшысы арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша беріледі, тел.: 8 7172 768255. 

4. Конкурс ашық тәсілмен және ашық конкурсқа қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында өткізіледі.

5. Конкурсқа қатысу өтінімі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

6. Конкурсқа өтінімдерді қабылдауды Ұйым (конкурстық комиссия хатшысы арқылы) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша ақпараттық хабарламаны жария еткен күнінен бастап жүзеге асырады және өтінімдерді қарау күніне күнтізбелік үш күн қалғанда аяқтайды. Қатысушылардың өтінімдері өтінімдерді тіркеу журналында тіркелінеді. Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым өтініш берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат етілгені немесе дәлелді бас тартуы туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

7. Конкурсқа әлеуетті қатысушылар өтінімді беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылып куәландырылған  түрде ұсынады.

Конкурсқа әлеуетті қатысушы конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыны) тартуға құқылы.

Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін Ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

8. Конкурс ұсынысы Қағидаларға сәйкес ресімделеді.

9. Өтініш беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны конверттерді ашу рәсіміне бір сағат қалған уақыттан кешіктірмей ұйымға береді. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды. Конкурстық ұсыныста конкурс өткізу тәртібіне және өтініш берушінің міндеттеріне қатысты шарттармен өтініш берушінің танысқандығына нұсқау беріледі.

10. Конкурстың өтетін күнін Ұйым белгілейді.

11. Әлеуетті қатысушының конкурстық ұсынысы беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылған түрде ұсынылады.

12. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты конвертке салып жапсырады. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы мен заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс (конкурстық ұсыныс, егер ол «кешіккен» ретінде хабарланса, оны жабық күйінде қайтару мақсатында). Конверт мынадай: Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша конкурсты ұйымдастырушының атына жазылуы және «ҚАЛДЫҚТАРДЫ САТУ БОЙЫНША КОНКУРС»,       201__ж. «             »                               САҒ.     МИН. ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген сөздер болуы тиіс.

13. Конкурстың қорытындыларын шығару тәртібі және жеңімпазды анықтау Қағидаларда белгіленген.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы