Өндіріс және тұтыну қалдықтар саласын басқару.

Өндіріс және тұтыну қалдықтар саласын басқару

Бұл  сот шешімімен республикалық меншікке тапсырылған  иесіз қалдықтар тарихымен байланысты  және территориясы осы қалдықтармен толған  экологиялық өзекті проблемалардың бірі.

Қоршаған ортаға  бұл нысаналар экстремалды жоғары техногенді салмақ жасайтынын есепке ала отырып, сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған, иесіз қауіпті қалдықтарды басқару Ережесіне сәйкес (әрі қарай- Ереже,  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 175 Қаулысы) оларды әрі қарай басқару бойынша шұғыл түрде қажетті шара қолданылуы қажет.

2009-2010жж. аралықтарында Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстары  аумақтарында табылған  4,7 млн.тонна  қапуіпті қалдықтар 9 сот шешімінің негізінде мемлекеттік меншікке тапсырылды.

Сот шешімімен Республикалық меншікке  тапсырылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару процедурасы,  лабораториялық зерттеу жолымен қауіпті қалдықтардың  құрамын зерттеуді, қауіпті қалдықтар құжатын құру үшін,  олардың қауіпті деңгейін анықтауды талап етеді, сонымен бірге оларды әрі қарай басқару туралы шешім қабылдау  қажет.

Қазақстан территориясындағы тарихи «иесіз» қалдықтарды заманауи тұрғыдан  тазарту шешімін табу,  жасыл экономиканы дамыту үшін құрылған,  оның тұрақты дамуы, экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын жалғастыру болып табылады.

Ішкі және сыртқы факторлардың негізін бағалау.

Сот шешімімен  республикалық меншікке  тапсырылған иесіз қалдықтар, әр түрлі химиялық  қауіпті заттар мен қалдықтар конгломератын құрайды. Іс жүзінде бұның барлығы  белгілі бір дәрежеде Қазақстанмен ратификацияланған  халықаралық конвенциялар әрекетіне ұшырайды: Базельдік,Стокогольмдік және Роттердамдық.

       Бұл контексте  осы  химиялық заттар мен қалдықтарды басқару туралы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мен  әзірлеу жазылған, Қазақстандағы  олардың  барлық  қорларын  жете тізімдеуден өткізу және келісім шарт ережесіне сәйкес, экологиялық  қауіпсіз жолмен оларды  жою туралы  келесі жұмыстарды  орындау, сонымен қатар  Орхусс Конвенциясына сәйкес қоғамдық ақпараттандыруды жоғарылату  аса өзекті  болып табылады.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы