Сипаттама

Киото хаттамасы парниктік газдарды саудалау және реттеу саласы

1995 жылы  Қазақстан  БҰҰ  климатты өзгерту туралы  Конвенцияға қол қойды, ал 2009 жылы оған Киоттық хаттамасы ратификацияланды, соныменен  ҚР халықаралық келісімнің толық құқылы Тарапы  болып саналды.   

1997 жылы  Киото қаласында Киоттық хаттамасы қабылданды. Онда  елдерді парниктік газдардың шығарындыларын тұрақтандыру  мен шектеуге міндеттеуге негізделген . Киото хаттамасы 2005 жылы өз күшіне мінді.

Қазақстан Республикасы бойынша халықаралық деңгейде маңызды шешімдер қабылданды:      

Марракеш шешімі, ол бізді Киоттық хаттамасы үшін 1-ші қосымшаның елі ретінде белгілейді;   

Найробийлық шешім Қазақстан үшін 1992 жылды базалық деп анықтайды;

Познаньск шешімі, бұл жерде Қазақстан 2008-2012 есепті кезеңге 1992 жылға шығарындылар деңгейін арттырмау туралы ерікті сандық міндеттерді алады;

Канкун шешімі – Дурбандадағы келесі Тараптар Конференциясы сессиясының болжамды күн тәртібінде Қазақстанның оны Киото хаттамасының  Б қосымшасына енгізу туралы ұсынысын қарастыруды енгізу туралы ресми құжат.

Киоттық хаттамасының орнына келетін - Дурбандағы тараптар (ЮАР 2011жыл), заңды күші бар құқықтық актіні немесе жаңа хаттаманы қабылдау үшін  талқыланады, сонымен бірге ірі дамушы елдерді қоса алғанда, барлық елдер үшін міндеттеуді бекітуге тиіс. Жаңа құжат 2015 жылға дейін әзірленуіге және 2020 жылы  өз күшіне ену қажет.

2009 жылы Киото хаттамасын бекіткеннен  кейін, 2010 жылдың маусымында климатты өзгерту саласының сарапшыларымен  бірлесіп  қоршаған ортаны қорғау  Министрлігі  парниктік газдардың шығарындыларын саудалаудағы ұлттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыстарын бастады.

Осы бағыттағы алғашқы қадам Экологиялық кодекстің жеке тармағын әзірлеу болып табылды. «Парниктік газдарды жұтып алу және шығарындылар саласындағы Мемлекеттік реттеу» «Экологиялық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының  біршама заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2011 жылдың 3 желтоқсанында қабылданды.

Парниктік газдардың  шығарындыларын ұлттық нарыққа саудалау үшін жоғарыда көрсетілген тармаққа негізгі идеяны енгізуге жағдай жасау болып табылады.Шығарындыларды саудалау жүйесін енгізудің мақсаты Қазақстандағы парникті газдар шығарындыларына шектеу қою. Баршаға мәлім, Қазақстанның Үкіметі төменгі көміртек экономикасын құруға толығымен бағдарлаған.

Шығарындыларды саудалау жүйесі нарықтық механизм, парниктік газдардың шығарындыларын  «таза» жаңа технологияны инвистициалау жолымен азайту табиғат пайдаланушыларды  ынталандырады, техникалық  қуаттылықты жаңарту, тиімді жаңа өндірісті құру болып табылады.

Сауда жүйесі әрекетінің қағидаты парникті газдардың шығарындыларын табиғатта пайдалануға шектеу қою.Табиғат пайдаланушылар үшін, экономиканың үнемдеу секторымен іріктелген 20 000 тонн СО2-экв  көлеміндегі деңгейлік мағына, Экологиялық Кодекспен бекітілді. Осы кәсіпорындар  ПГ шамадан тыс жоғары айыппұл төлемес үшін  шектеулі мөлшерде, ПГ шығарындыларына белгілі бір квоталар санын  үлестіреді. Компания, өздеріне бекітілген  шығарындылар шамасын азайта алмаса, онда «қолданылмаған»  квоталарды басқа компанияға сата алады. Сатуға болатын көміректі сертификаттар өз бағытында валютамен салыстыруға болады. 

Қосымша, ұлттық экологиялық заңнама компанияға мемлекет алдындағы өздерінің міндеттерін өтеу мақсатында халықаралық көміртекті бірліктерін қолдануға шектеу қоймайды. Нарықта таза механизмді дамыту бірліктері жобасы ретінде қатысуға, сондай-ақ бірлесіп жүзеге асыруға болады. Аталмыш жоба Киото хаттамасының шеңбері аясында жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, табиғат қолданушылар іштей қысқарту жобаларын, компанияның жеке меншігі болып табылмайтын, бекітілген қатынастағы парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға алып келетін  аталмыш жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие бола алады.

Аталмыш механизм ішкі жобаларды жүзеге асыру жолымен парниктік газдардың шығарындыларын азайту бойынша компаниялардың міндеттерін орындау үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады.

Парниктік газдар шығарындылары жүйесін кешенді түрде  жүзеге асыру мақсатында,  Экологиялық кодекске Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 Қаулысы және Министрдің 13 Бұйрығы қосымша  қабылданды. 

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы