ҰАО-ның қатысуымен өтетін іс-шаралар

ҰАО (Ұлттық аккредиттеу орталығы) негізінде өткен Верификаторлар форумы


     

ҰАО-ға сілтеме

2017 жылғы 21 ақпанда климаттың өзгеруін ұстап тұру бойынша (KCCMP) USAID Қазақстан бағдарламасының ҰАО алаңында аккредиттеу рәсімдерінің аясында верификаторларға қойылатын талаптарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты өзекті мәселелерді талқылау үшін Верификатор форумының кезекті отырысы өтті. 
Талқылауға верификаторлар, ҰАО-ның, КазИнст және «Жасыл Даму» АҚ-ның өкілдері қатысты.

     Форум барысында Сәйкестікті бағалау басқармасының өнімдер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органының бағалау бөлімі бастығы Татьяна Стрелкова 2017 жылғы аккредиттеу үдерісінің үлгісі мен оған қойылатын талаптар жайында баяндады. Дүниежүзілік банкі, «Жасыл даму» АҚ-ның жобасы бойынша талдаушы Даурен Досымбек ҚР Энергетика министрлігі мен Дүниежүзілік банкінің парниктік газдар бойынша есептіліктің электрондық платформасын әзірлеу және Қазақстандағы тиісті институттық және заңды базаларды қолдау жобасы бойынша ақпарат ұсынды.

Форум келесі іс-шараларды жүзеге асыру үшін верификаторларды, ПГ-ны верификациялау бағдарламаларының әкімшіліктері мен аккредиттеу органын біріктіруді  мақсат етіп қойды:

  • 2017 жылға арналған есептілікке, верификациялау мен аккредиттеуге қойылатын талаптарға қатысты ҚР заңнамасындағы өзгерістерді талқылау;
  • Уәкілетті орган мен верификаторлардың арасындағы өзара әректтесуді қамтамасыз ету;
  • Верификациялау бойынша есептілік пен қорытындылардың үлгісіне қойылатын бірыңғай тәсілдерді талқылау.

 

Хабарландыру

«Жасыл Даму» АҚ Маңғыстау облысы бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды (Жаңаөзен қ. маңындағы ЦППН - 130,0748 га, МУ-3 - 2,4296 га және бұрынғы Алыбсеноман техникалық су шарбағының - 859,3 га аумақтарында) сату бойынша қайта өткізілетін конкурс өткізілген жоқ деп танылғанын және конкурстық комиссия  уәкілетті органға конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын тиімді жағдайдалар мен келіссөздер негізінде «ЭкоОриентир» ЖШС-мен  келісімшарт жасауды ұсынғанын хабарлайды.  

Қазақстан парниктік газдар шығарындылары бойынша есептіліктің электронды нысанын жасап шығарады.

АСТАНА, Дүниежүзілік банк, 2017 ж. 26 қаңтар – Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп парниктік газдар шығарындылары бойынша есеп берудің электронды платформасын жасау және Қазақстандағы тиісті институционалдық және заңды қорды қолдау бойынша жобаны іске қосты.

«2013 жылдан бастап барлық объектілер Қазақстанның электр энергетикасы, мұнай-газ және өнеркәсіптік секторларында парниктік газдар шығарындылары бойынша қағаз жүзінде есеп береді. Парниктік газдар шығарындылары бойынша есептіліктің электронды жүйесіне көшу сапаны жақсартуға және уақтылы шешімдер қабылдау үшін ұсынылатын деректердің жеделдетуге мүмкіндік береді»,- деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент директорының орынбасары Олжас Ағабеков.

Электронды платформа (немесе кадастр) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіндегі соңғы өзгерістерге сәйкес энергетикалық және өнеркәсіптік секторларындағы шығарындылардың негізгі көздеріне деректерді тікелей желіде ұсынуға мүмкіндік береді. Қабылданған түзетулер платформаны жасауды қарастырады. Аталған платформалар арқылы табиғат пайдаланушылар шығарындылар туралы есепті ұсынатын болады, верификаторлар олардың шығарындылары жөніндегі деректерін электронды форматта растайды, ал бағдарламаның администраторы («Жасыл даму» АҚ) және реттеуші орган (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (ЭРБК) және Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті) шығарындылар бойынша міндеттемелерді тікелей желі режимінде автоматты түрде тексереді.

Кадастрды 2017 жылғы желтоқсанның соңына дейін енгізу жоспарланып отыр. Ол Парниктік газдардың шығарындылары саудасының қазақстандық схемасына 2018 жылдың қаңтарынан бастап қызмет көрсете бастайды.

Іс-шара барысында парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының қазақстандық жүйесінің операторы (KZ ETS) – «Жасыл даму» АҚ, ауаның ластану проблемалары және парниктік газдардың шығарындылары бойынша Францияның техникалық орталығының сарапшылық қолдауымен жасалып жатқан кадастрдың жергілікті нарық пен халықаралық тәжірибені ескере отырып техникалық, құқықтық және институционалды қажеттіліктерінің талдау нәтижелерін ұсынды. Семинар барысында алынған ұсыныстар мен комментарийлер кадастрдың техникалық сипаттамаларын алдағы әзірленуі кезінде назарға алынатын болады.

Аталған жоба Дүниежүзілік банк топтарының көптеген донорларының қатысуымен мақсатты қор – Нарыққа дайындау бойынша серіктестіктің (PMR - Partnership for Market Readiness) қолдауымен жүзеге асырылуда. Серіктестік 30 аса елді біріктіреді. Олар жиынтығында парниктік газдардың жаһандық шығарындыларын 80% жуығын құрайды. Климаттың өзгерістерінің салдарын жеңілдету үшін саясаттың инновациялық құралдарын жасау және жүзеге асыруға бағытталған.

«Парниктік газдар шығарындылары бойынша нақты және сенімді деректерге қажеттілік аса өзекті болып отыр, себебі елдер Париж келісімін жүзеге асыру үшін 2020 жылға дейін климаттың өзгеруін алдын-алу бойынша мақсатқа жету үшін жұмыс жасауда. Біз Қазақстандық экономиканың негізгі секторлары бойынша парниктік газдар шығарындыларының айқындығы мен есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етуде озық позициясын жоғары бағалаймыз»,- деп атап өтті Крейг Майснер, Дүниежүзілік банктың аға экономист-экологы, PMR жобасының басшысы.

2014 жылы Қазақстан атынан Энергетика министрлігі Серіктестікке техникалық серіктес ретінде қосылды, және әлеуетін күшейту мен Квоталар саудасы ұлттық жүйесіне алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға қаржыландыру алды.

Нарыққа дайындық бойынша серіктестікті таныстыратын Дүниежүзілік банктың қоршаған орта бойынша маманы Пьер Гуигон өз сөзінде: «Парниктік газдар шығарындылары бойынша деректермен басқарудың сенімді инфрақұрылымын жасау көбінесе ресурсты шығынды және ұзақ процесс болып табылады. Біздің баяндама «Парниктік газдар шығарындылары бойынша деректер басқару: корпоративтік есептілік үшін жүйе құру» Қазақстанға Чили, Қытай, Германия, Мексика, Оңтүстік Африка, Түркия және АҚШ секілді өзге елдердің үлгілері мен тәжірибесіне негізделген бірегей ұсыныстар берді»,- деп атап өтті.

Конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама

«Жасыл Даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Маңғыстау облысы  бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.  

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау хабарландыру жария етілген күнінен басталады және 2017 жылдың 19 қаңтарында сағ. 13.00-де аяқталады.

Конкурстық ұсыныстар 2017 жылдың 30 қаңтарына сағат 15.00-ге дейін қабылданады.    

Конкурс ұсыныстарымен конверттерді ашу 2017 жылдың 30 қаңтарында сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасы Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1529-кеңсе мекенжайында өтеді.

Қағиданың 13-тармағына сәйкес құжаттар пакетін Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша алуға болады.

Байланысу, конкурстық комиссия хатшысы-Турсынбекова Д.С.Тел.: 8 7172 768255, Астана қ. Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе.

 

Қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы 

 

Лоттар       №

Қалдықтардың атауы

Орналасқан жері

Мөлшері (тонна)

Бағалау құны, теңге

(ҚҚС қоса)

1

Мұнай қалдықтары

 

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қ. маңында

ЦППН аумағында 130,0748 га

304136

74 009 184,17

МУ-3 аумағында

2,4296 га

Бұрынғы Алыбсеноман техникалық су шарбағының аумағында

859,3 га

 

Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның мөлшері 740 091,84 теңге.

Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаны төлеуге деректемелер:

«Жасыл даму»Акционерлік қоғамы

БСН 040340008429

ЖСК  KZ339261501151229000

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ

БСК KZKOKZKX

ҚҚС бойынша куәлік: 18.04.2013 ж.  62001 № 0028813 

Кбе 16

 

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған

иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша

конкурсты өткізу шарттары

 

Осы «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату» конкурсын өткізу шарттары Қазақстан  Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Қағидалар) және сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесіз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) сату бойынша ашық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу кезінде конкурстық комиссия жұмысының тәртiбiн айқындайды.

1. Қалдықтарды «Жасыл даму» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Ұйым) заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатады.

2. Ұйым конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар нысаны бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз негізде ұсынады.

3. Құжаттар пакеті конкурсқа әлеуетті қатысушылардың жазбаша берген өтінішінің негізінде конкурстық комиссияның хатшысы арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша беріледі, тел.: 8 7172 768255. 

4. Конкурс ашық тәсілмен және ашық конкурсқа қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында өткізіледі.

5. Конкурсқа қатысу өтінімі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

6. Конкурсқа өтінімдерді қабылдауды Ұйым (конкурстық комиссия хатшысы арқылы) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша ақпараттық хабарламаны жария еткен күнінен бастап жүзеге асырады және өтінімдерді қарау күніне күнтізбелік үш күн қалғанда аяқтайды. Қатысушылардың өтінімдері өтінімдерді тіркеу журналында тіркелінеді. Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым өтініш берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат етілгені немесе дәлелді бас тартуы туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

7. Конкурсқа әлеуетті қатысушылар өтінімді беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылып куәландырылған  түрде ұсынады.

Конкурсқа әлеуетті қатысушы конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыны) тартуға құқылы.

Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін Ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

8. Конкурс ұсынысы Қағидаларға сәйкес ресімделеді.

9. Өтініш беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны конверттерді ашу рәсіміне бір сағат қалған уақыттан кешіктірмей ұйымға береді. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды. Конкурстық ұсыныста конкурс өткізу тәртібіне және өтініш берушінің міндеттеріне қатысты шарттармен өтініш берушінің танысқандығына нұсқау беріледі.

10. Конкурстың өтетін күнін Ұйым белгілейді.

11. Әлеуетті қатысушының конкурстық ұсынысы беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылған түрде ұсынылады.

12. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты конвертке салып жапсырады. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы мен заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс (конкурстық ұсыныс, егер ол «кешіккен» ретінде хабарланса, оны жабық күйінде қайтару мақсатында). Конверт мынадай: Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша конкурсты ұйымдастырушының атына жазылуы және «ҚАЛДЫҚТАРДЫ САТУ БОЙЫНША КОНКУРС»,       201__ж. «             »                               САҒ.     МИН. ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген сөздер болуы тиіс.

13. Конкурстың қорытындыларын шығару тәртібі және жеңімпазды анықтау Қағидаларда белгіленген.

Қауіпті калдықтарды сату бойынша конкурс

«Жасыл Даму» АҚ Маңғыстау облысы бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды (Жаңаөзен қ. маңындағы ЦППН - 130,0748 га, МУ-3 - 2,4296 га және бұрынғы Алыбсеноман техникалық су шарбағының - 859,3 га аумақтарында) сату бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылғанын хабарлайды.

Конкурсты өткізу туралы хабарлама

 

«Жасыл Даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысы  бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды.  

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау хабарландыру жария етілген күнінен басталады және 2016 жылғы 20 желтоқсандағы сағ. 13.00-де аяқталады.

Конкурстық ұсыныстар 2016 жылғы 28 желтоқсандағы сағат 14.00-ге дейін қабылданады.    

Конкурс ұсыныстарымен конверттерді ашу 2016 жылдың 28 желтоқсанында сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасы Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1529-кеңсе мекенжайында өтеді.

Қағиданың 7-тармағына сәйкес құжаттар пакетін Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша алуға болады.

Байланысу, конкурстық комиссия хатшысы -Турсынбекова Д.С.Тел.: 8 7172 768255, Астана қ. Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе.

 

Қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы  

 

Лоттар       №

Қалдықтардың атауы

Орналасқан жері

Мөлшері (тонна)

Бағалау құны, теңге

(ҚҚС қоса)

1

Мұнай қалдықтары

 

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қ. маңында

ЦППН аумғында 130,0748 га

304136

74 009 184,17

МУ-3 аумағында

2,4296 га

Бұрынғы Алыбсеноман техникалық су шарбағында

859,3 га

 

Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның мөлшері 740 091,84 теңге.

Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаны төлеуге деректемелер:

«Жасыл даму»Акционерлік қоғамы

БСН 040340008429

ЖСК  KZ339261501151229000

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ

БСК KZKOKZKX

ҚҚС бойынша куәлік: 18.04.2013 ж.  62001 № 0028813 

Кбе 16

 

 

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған

иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша

конкурсты өткізу шарттары

 

Осы «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату» конкурсын өткізу шарттары Қазақстан  Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Қағидалар) және сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесіз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) сату бойынша ашық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу кезінде конкурстық комиссия жұмысының тәртiбiн айқындайды.

1. Қалдықтарды «Жасыл даму» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Ұйым) заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатады.

2. Ұйым конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар нысаны бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз негізде ұсынады.

3. Құжаттар пакеті конкурсқа әлеуетті қатысушылардың жазбаша берген өтінішінің негізінде конкурстық комиссияның хатшысы арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша беріледі, тел.: 8 7172 768255.  

4. Конкурс ашық тәсілмен және ашық конкурсқа қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында өткізіледі.

5. Конкурсқа қатысу өтінімі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

6. Конкурсқа өтінімдерді қабылдауды Ұйым (конкурстық комиссия хатшысы арқылы) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша ақпараттық хабарламаны жария еткен күнінен бастап жүзеге асырады және өтінімдерді қарау күніне күнтізбелік үш күн қалғанда аяқтайды. Қатысушылардың өтінімдері өтінімдерді тіркеу журналында тіркелінеді. Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым өтініш берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат етілгені немесе дәлелді бас тартуы туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

7. Конкурсқа әлеуетті қатысушылар өтінімді беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылып куәландырылған  түрде ұсынады.

Конкурсқа әлеуетті қатысушы конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыны) тартуға құқылы.

Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін Ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

8. Конкурс ұсынысы Қағидаларға сәйкес ресімделеді.

9. Өтініш беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны конверттерді ашу рәсіміне бір сағат қалған уақыттан кешіктірмей ұйымға береді. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды. Конкурстық ұсыныста конкурс өткізу тәртібіне және өтініш берушінің міндеттеріне қатысты шарттармен өтініш берушінің танысқандығына нұсқау беріледі.

10. Конкурстың өтетін күнін Ұйым белгілейді.

11. Әлеуетті қатысушының конкурстық ұсынысы беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылған түрде ұсынылады.

12. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты конвертке салып жапсырады. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы мен заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс (конкурстық ұсыныс, егер ол «кешіккен» ретінде хабарланса, оны жабық күйінде қайтару мақсатында). Конверт мынадай: Астана қ., Сығанақ көшесі 29-үй, 1532-кеңсе мекенжайы бойынша конкурсты ұйымдастырушының атына жазылуы және «ҚАЛДЫҚТАРДЫ САТУ БОЙЫНША КОНКУРС»,       201__ж. «       »                  САҒ.         МИН. ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген сөздер болуы тиіс.

13. Конкурстың қорытындыларын шығару тәртібі және жеңімпазды анықтау Қағидаларда белгіленген.

 

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы