Құрметті табиғат пайдаланушылар!

«Жасыл даму» АҚ ҚР Энергетика министрлігінде 2014 жылдың 02 қазанында өткен жұмыс кеңесінің шешімін сіздердің назарларыңызға жеткізеді. Онда  Қазақстанның Көміртек нарқына және квота бөлу жүйесінің ескі әдісінен бенчмаркинг әдісі бойынша квота бөлу жүйесіне  көшу үшін жағдайлар жасау мәселелері қаралды.  

Энергетика министрлігі парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарына кіретін кәсіпорындар бойынша қажетті бастапқы ақпараттар жинау жөнінде тапсырма берді.

Бенчмаркинг әдісі бойынша парниктік газдар шығарындыларына квота бөлу жүйесіне көшу мәселелері бойынша бекітілген кеңестің хаттамасы аясында экономиканың жеке секторлары бойынша жұмыс тобының кездесу кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес энергетика секторы бойынша жұмыс тобының өкілдерімен келесі кездесу 2014 жылдың 18 қарашасына белгіленді.

Кездесу 010000, ҚР, Астана қ., Орынбор көш. 11/1, «Қазгидромет» ғимараты мекенжайы бойынша  «Қазгидромет» ғимаратының 3-қабатында   конференц-залда  сағат 15.00-де өтеді.

 

Қосымша:

1)      Кеңестің хаттамасы жүктеу...

2)      Жұмыс тобының кездесу кестесі жүктеу...

 

 

 

Хабарландыру

 «Жасыл Даму» АҚ  Ақтөбе облысы, Алға қаласы, бұрынғы С.М.Киров атындағы Алға химиялық зауытының аумағында орналасқан, сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстық ұсыныстарымен конверттерді ашу  2014 жылдың 5 желтоқсанында сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасы Астана қ., Орынбор көш.,  11/1-үй,  711-кеңсе мекен-жайында өтеді.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – хабарландыру жария етілген күнінен басталады

Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі – 2014 жылғы 5 желтоқсан сағ.15.00-ге дейін     

Байланысу, конкурстық комиссия хатшысы-Турсынбекова Д.С.Тел.: 8 7172 768255.

 

Қалдықтардың орналасқан жері

Ақтөбе облысы, Алға қаласы, бұрынғы С.М.Киров атындағы Алға химиялық зауытының аумағы  

Қалдықтардың қысқаша сипаттамасы

Бағалау құны

Лот №

Атауы

Салмағы (тонна)

 

 

 

 

Нөлдік

1         

Күкірт

2995,0

2         

Натрий тетрабораты («бура»)

165,0

3         

Керамикалық футеровка

1205,0 

4         

Мазут

232,0

5         

Бор қышқылы

120,0

6         

Әк тас

1199,0

7         

Суперфосфатпен ластанған матадан жасалған бұйымдар

37,0

8         

Керамикалық бұйымдар

53,0

9         

Полимерлік армирлық заттардан жасалған труба

224,0

10     

Көмір

29,0

11     

Металлқұрылыстар

2049,0

12     

Пиритный огарок

35354,0

13     

Құрылыс қалдықтары

510423,0

14     

Асфальт

200,0

15     

Қоңыр колчедан

147538,0

16     

Тұрмыстық қоқыс

30,0

17     

Шыны

59,0

18     

Графит

30

19     

Күл

16,0

20     

Апатит

4013,0

21     

Суперфосфат

24576,0

22     

Ванадиалық катализатор

403,0

Сыртқа шығару шарттары

Өз бетімен сыртқа шығару

Жарна мөлшері

0 теңге

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша конкурс өткізу шарттары жүктеу...

Хабарландыру

«Жасыл Даму» АҚ Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» АҚ аумағындағы орналасқан, құрамында сынап бар қалдықтарды сату бойынша қайталама ашық конкурс өтілмеді деп танылғанын хабарлайды.

Құрметті табиғат пайдаланушылар!

  «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы ҚР ҚОСРМ сайтында орналастырылған ақпараттарға сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесі мерзіміне дейін табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің бірінші Ұлттық жоспары бойынша сауда операцияларын жүргізуі және міндеттемелерін жабулары қажет екені жайында хабарлайды.

  Субъектілердің 2013 жылғы квоталау есебінің мәліметтеріне сай, парниктік газдар шығарындыларын түгендеу қорытындылары бойынша олардың тапшылық жалпы көлемі 2013 жылы СО22 723 720 тоннаны құраған.  2013 жылға квота бөлу Ұлттық жоспары әрекетінің қорытындысы бойынша жиырма тоғыз компанияда тапшылық болған. Аталмыш табиғат пайдаланушылар жетіспейтін квота бірліктерін тауар биржасында сатып алуы тиіс.

ҚР Экологиялық кодексінің 94-2-бабының 7-тармағына сәйкес, парниктік газдар шығарындыларына квоталар белгіленген көлемнен асып түскен жағдайда табиғат пайдаланушы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемінің резерві бар басқа табиғат пайдаланушыдан сатып алған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтеуге құқылы.

ҚР Экологиялық кодексінің 94-2-бабының 8-тармағына сай, егер табиғат пайдаланушыда парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемімен және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерімен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларына квоталар резерві бар болған жағдайда, ол квоталар бірліктерін басқа табиғат пайдаланушыларға сата алады.
     Осылайша, 2013 жылда квота қорын (профицит) жинаған кәсіпорындар ҚР ЭК 94-2-бабының  8-тармағының екінші бөлігінің есебінде квоталар бірліктерінің сондай көлемін іске асыруға құқылы (Өндірістің төмендеуі есебінде алынған квоталар қоры белгіленген көлеммен салыстыру бойынша сауда заты болып табылмайды).

Сонымен бірге, жеті кәсіпорын осы күнге дейін 2013 жылдың қорытындысы бойынша есеп берген жоқ, төменде аталған табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы 2013 жылға есеп беруі қажет:

  1. Ерементау әкімдігі жанындағы ШЖҚ "Теплосервис" МҚК
  2. Орал мұнайқұбырын басқару ЖФ "КазТрансОйл" АҚ
  3. "КазТрансОйл" АҚ өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтарды жинақтау базасы, шығыс филиалы
  4. "СНПС-Актобемунайгаз" АҚ
  5. АФК "Алтиес Петролеум Интернэшнл" АҚ
  6. «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігі

Сіздерден ағымдағы жылдың 1 шілдесі мерзіміне дейін квота бөлудің бірінші Ұлттық жоспары бойынша міндеттемелеріңізді жабуды өтініп сұраймыз.

Елбасы Жарлығымен ҚР Үкіметінің құрылымына өзгеріс енгізілді

Елбасы Жарлығымен ҚР Үкіметінің құрылымына өзгеріс енгізілдіАСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат Жарлықтың мәтінін жариялайды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі оған:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен - жерді гидромелиорациялау мақсатында су пайдаланушыларға немесе олардың бірлестіктеріне дейін су жеткізу және бұру;

2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен - жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын геологиялық зерделеуді қоспағанда, жерасты суларын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктер беріле отырып, қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі етiп қайта ұйымдастырылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақта:

мына:

«Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі;».

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қазан

№ 677

ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІ Н.ҚАППАРОВТЫҢ БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК ІССАПАРЫ

2013 жылдың 28 қазанында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қызметтік іссапары өтті.

Свейхан (Әбу-Даби әмірлігі) қаласында министр азиялық дуадақтарды (chlamidotis macqueenii) өсірумен айналысатын Құстарды зерттеу жөніндегі Ұлттық орталыққа барды.

Орталықта Н. Қаппаров құстардың өсірілу жағдайларымен, қоректендіру рационымен, сондай-ақ, дуадақтарды табиғат аясына жіберудің алдында транзиттік пункт ретінде қолданылатын уақытша «тоннельдермен» танысты. Бұл жерде құстар өз бетімен қорек тауып, табиғи орта жағдайларына бейімделеді.

Халықаралық дуадақтарды қорғау қоры (ХДҚҚ) өкілдерімен өткен кездесу барысында Н. Қаппаров табиғатты қорғау саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде ғылыми қарым-қатынастар аясын одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ, Қазақстанда (Шығыс Қазақстан облысы аумағында) Біріккен Араб Әмірліктерінде өсірілген ителгілерді табиғат аясына жіберу жөніндегі 5-жылдық өзара әрекеттесудің сәтті өткізіліп жатқандығын атап өтті.

Дуадақтың табиғаттағы популяцияларының санын көбейту және мәдени мұраны сақтау мақсатында Әбу-Даби әмірлігінің үкіметі осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын дуадақтарды қорғау жөніндегі бағдарламаны іске асыра бастады. Бағдарламаға дуадақтарды өсіру және оның табиғи ареалын құрайтын елдерде ерікке жіберу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы құрылған Халықаралық дуадақтарды қорғау қоры басшылық етеді.

ХДҚҚ Марокко мен БАӘ-дегі 3 тәлімбақты басқарып, 40000 астам дуадақ өсірді.  2012-13 жылдары табиғат аясына 18000 жуық құс жіберілді. Дуадақтарды қолдан өсіру бағдарламасының басынан жалпы 160000  астам құс өсіріліп, 75000 дуадақ ерікке жіберілді.

Қазақстан – өрістейтін дуадақтардың ең үлкен бөлігінің мекендейтін жері. Көп жылғы ынтымақтастық нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шаян селосында мамандандырылған тәлімбақтың құрылысы жүргізілуде. Бұл жердегі уақытша қондырғылар 2008 жылы құрылып, 2010 жылы даудақтың алғашқы балапандарын шығарған болатын. 8 ғимаратты құрайтын тәлімбақ құрылысының бірінші кезеңі 2012 жылы аяқталды. Жобаның екінші кезеңі келесі жылы аяқталмақ. Қазақстанда азиялық дуадақты өсіру жоспары жылына 5000 құсты құратын болады.

 ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы