«ТАБИҒИ КАПИТАЛ МЕН ЭКОНОМИКА: БАСТЫ ДАМУ ТРЕНДТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

2013 жылдың 24-25 қазанында «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік мекемелерінің басшылары үшін «Табиғи капитал мен экономика: басты даму трендтері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
 
Семинарға   Қазақстан Республикасындағы Финляндияның Төтенше және Өкілетті  Елшісі Илкка Рэйсэнен, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің департаменттер мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
 
Семинар-тренингте «жасыл» экономикаға көшу әдіснамасы, табиғи ресурстарды сақтау және дамыту, орман шаруашылығында экологиялық менеджменті жетілдіру, т.б. сұрақтар қарастырылды.
 
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Семинар Министрліктің Орталық аппарат, ведомствоға бағынысты комитеттердің және аумақтық органдардың басшылары мен қызметкерлерін оқытуға байланысты Жоспар-кестесіне сәйкес Тұжырымдаманың жүзеге асуын ақпараттық қолдау және «жасыл» экономикаға көшу әдіснамасын үйрету мақсатында ұйымдастырылды.
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІ НҰРЛАН ҚАППАРОВТЫҢ «НҰР ОТАН» ХДП XV СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСУ ҮШІН КЕЛГЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІ НҰРЛАН ҚАППАРОВТЫҢ «НҰР ОТАН» ХДП XV СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСУ ҮШІН КЕЛГЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУІҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

2013 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың «Нұр Отан» ХДП XV съезіне қатысу үшін келген Алматы облысының делегаттарымен кездесуі өтті.

Н. Қаппаров жергілікті атқарушы органдардың өз аумақтарын дамыту бағдарламаларын Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдама талаптарына сәйкес келтіруі қажет екенін атап өтті.

«Қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жаңғырту, ауаның ластануын төмендету, орнықты ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгізу, энерготиімділік пен энергия үнемдеуін арттыру, энергия қоржындарды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша шараларды қабылдау қажет»,- деді министр осы орайда.

Алматы облысының айрықша рөлін сөз ете отырып, министр Алматы облысын еліміздің перспективасы зор өңірлерінің бірі екендігін, онда маңызды ғылыми күштер мен табиғи, өнеркәсіптік және аграрлық ресурстардың шоғырланғандығын, елеулі транзиттік әлеуеті бар, сондай-ақ, үлкен практикалық тәжірибе жинақталғандығын атап өтті.

Министр жаңартылатын энергия көздерінің бірнеше объектілерін салу жоспарланған жөніндегі өңірлік электр энергиясын өндіруді ұлғайту бағдарламасын қолдады.

Бүгінде облыста 9 шағын СЭС жұмыс істейді, 2016 жылға дейін одан басқа 19 СЭС, 7 ЖЭС және күн электр станциясын енгізу жоспарлануда.

Кездесуде су ресурстарын басқару, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеу, сондай-ақ балық шаруашылығы мен орман саласын дамыту жөніндегі мәселелер де талқыланды.

Кездесуге қатысушылар экология саласындағы проблемаларды тиімді шешу үшін өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі туралы пікір білдірді.

ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІН АРАЛАУҒА МҮМКІНДІК АЛУЫ ТИІС – Н.НАЗАРБАЕВ

16  қазан, BNews.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев атқарылған жұмыстар туралы есеп берді», – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға бүкіләлемдік көрме өтетін алаң ретінде таңдау түскен кезден бастап бір жылдай уақыт өткенін, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысын қарап, тіркеу мәліметін әзірлеп, өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерді шешкен жөн екенін айтты.

Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне қаржыландырудың өзге көздерін, соның ішінде корпоративтік қатысушыларды – әлемдік деңгейдегі компанияларды тартудың маңыздылығын, мұның көрмеге дайындық жасау жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс екенін атап өтті. Бұған қоса, Қазақстан Президенті дәл осы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жаңа жоғары технологиялық әзірлемелер таныстырылымын өткізу қажеттігіне тоқталды.

– Мен бірінші күннен көрмені өткізуде ысырапқа жол берілмеуін айтып келемін. Осы орайда салынған барлық инфрақұрылымның көрмеден кейін де пайдаға асуы маңызды мәселе болып қала бермек. Көрме еліміздің әр азаматына қолжетімді болып, оны аралап шығуларына мүмкіндік жасалуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы интернеттегі, әлеуметтік ресурстар мен БАҚ-тағы тиімді және шығын аз жұмсалатын жарнама есебінен алға қойған міндетті орындауда ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыруда жаңашыл қадамдар қажеттігіне назар аударды.

Кеңес барысында Премьер-Министр көрмеге дайындық Мемлекет басшысының тапсырмасына және Ұлттық жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады, сондай-ақ барлық аталған мәселе Үкімет пен Ұлттық комиссияның ұдайы бақылауында екеніне тоқталды.

Қоршаған ортаны қорғау министрі көрменің жалпы аумағы 173 гектар болатынын және онда әртүрлі инфрақұрылымдық нысандар орналасатынын баяндады. Бұған қоса, көрменің аумағы Астананың орнықты энергетиканы дамыту жөнінде көшбасшы болуына мүмкіндік беретін үшінші индустриялық революцияны іс жүзіне асыратын әлемдегі бірінші ауданға айналмақ.

 

БУРАБАЙДА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН «ЖАСЫЛДАНДЫРУ» МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

10 қазан, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

2013 жылдың 9-10 қазан күндері Щучинск қаласында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылған «жасыл» экономиканың дамуы және биологиялық алуантүрлілікті сақтау жөніндегі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның орман өсіруші ғалымдары, табиғатты және орманды қорғау мекемелерінің мамандары, сондай-ақ, орман шаруашылығы мамандарын даярлайтын ЖОО мен колледждерінің профессорлары мен оқытушылары қатынасады.

Конференцияда Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі аясында орман қорларын сақтау тиімділігін жоғарылату, ормансыздануды бақылауды күшейту, елде орман шаруашылығын басқарудың заманауи әдістерін енгізу және дағдыларды дамыту мәселелері талқыланды.

Республика аумағы ормандылығының төмендігіне байланысты (4,6%), қаралған мәселелер Қазақстанның орман саласы үшін аса маңызды болып отыр. Осы орайда мемлекет аумағын экологиялық сауықтыру жұмыстарын жандандыру шеңберіндегі секторды дамытудың басым бағыттарының бірі – орманды қалпына келтіру болып табылатындығын айта кету керек.

«Жасыл даму» бағдарламасы аясында ормандарды ұдайы ұлғайту және өсірудің жылдық көлемін 70 мың га. дейін жеткізу жоспарлануда. Астана қаласының жасыл аймағында орман отырғызу ауданы 65 мың га. құрады. Алдағы уақытта олар Щучинск-Бурабай курорттық аумағының табиғи ормандарымен ұштастырылақ.

Елімізде ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жалпы ауданы 23,1 млн.га. (ел аумағының 8,5%) құрайды. 2020 жылға дейін бұл аумақ 27 млн. га дейін, немесе Қазақстан аумағының 10% құрайтындай жағдайға жеткізіледі.

Конференция негізгі проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізілген қарар қабылдады.

 

 

ҚР ҚОҚМ ЭКСПО-2017 ТУРАЛЫ ЗАҢ ДАЙЫНДАУДА

ҚР ҚОҚМ ЭКСПО-2017 ТУРАЛЫ ЗАҢ ДАЙЫНДАУДА 7 қазан,BNews.kz

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі туралы заң дайындауда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлімдеді, деп хабалайды BNews.kz тілшісі.

«Біз халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізуге дайындық жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар ЭКСПО туралы заң дайындалуда. Бюрократиялықты азайту үшін заң қабылдауымыз керек. 1,5 миллион текше метр участокта құрылыс жұмыстары жүргізіледі, әрі мұнда жасыл технологияның соңғы жетістіктері қолданылады. Сондықтан, барлығы жедел түрде бекітілуі қажет»,-деді Н.Қаппаров.

Каспий теңiзiнде бекiре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий енгiзiлмек

Каспий теңiзiнде бекiре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий енгiзiлмек7 қазан,  BNews.kz

Каспий теңiзiнде бекiре тұқымдас балықтарды аулауға бесжақты мораторий енгiзу мәселесi пысықталуда. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бекiре тұқымдас балықтардың түрiн сақтау ең маңызды экологиялық проблемалардың бiрi болып табылады. Жыл сайын құқық қорғау және табиғатты қорғау ведомстволары бiрлесiп Жайық-Каспий бассейнiнiң су айдындарында бекiре тұқымдас балықтарды қорғауға және оларды заңсыз аулаумен күресуге бағытталған «Бекiре» балық қорғау акциясы өткiзiледi», - дедi Н.Қаппаров өз баяндамасында.

Оның айтуынша, Каспий теңiзiнiң су биоресурстары жөнiндегi комиссия жұмысының шеңберiнде бекiре тұқымдас балықтарды аулауға бесжақты мораторий енгiзу мәселесi пысықталуда.

«Қазақстан өз тарапынан ондай тыйым салуды әлдеқашан қабылдап қойған. Бүгiгi күнi Жайық өзенi бекiре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын табиғи жерлерi сақталып қалған жалғыз өзен болып табылады», - деп түйiндедi министр.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

 

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы