САРАПШЫЛАР ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА» КӨШУ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАДЫ

САРАПШЫЛАР ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА» КӨШУ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАДЫҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

2013 ж. 4 қазанда Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) серіктестікте Қарағанды қ. Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруге және аймақтың оны іске асыру әлеуетін бағалауға арналған аймақтық семинар өткізді.  Семинарды Қарағанды облысының әкімдігі мен Астана қ. ОБСЕ орталығы қолдады.

Семинардың жұмысына мемлекеттік ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың  , ШОБ, ҮЕҰ, ғылыми мекемелер және аймақтағы ЖОО өкілдері, сондай-ақ таза энергия саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.

Аймақты дамытудағы басым бағыттардың қатарында сарапшылар өнеркәсіптегі және  ТКШ энергиялық тиімділікті көтеруді, энергия үнемдеу, қалдықтарды қауіпсіз өңдеу жөніндегі шараларды енгізуді, су үнемдеу мен ауылшаруашылығы технологияларын енгізуді, табиғи экожүйені сақтауды атап көрсетті.

Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Талғат Ахсамбиев «жасыл экономикаға» көшу бизнес процесіне ҮЕҰ, елдің ғылыми-зерттеу және білім беру әлеуетін белсенді тартпайынша мүмкін болмайтындықтан аймақтың ҚР Үкіметінің  жоспарлары туралы  хабардарлығын көтерудің маңыздылығын атап айтты.

Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары Екатерина Панкилова «жасыл экономика» моделі ағымдық дағдарыстарға анағұрлым тұрақты және  сондықтан «жасыл» модернизацияны болашақта табысты жүзеге асыру Қазақстанға тек экономикалық жағынан ғана күшті емес, сонымен бірге әлеуметтік те және  экоголиялық та қолайлы мемлекет құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Қайрат Айтуғанов семинарға қатысушыларға Қарағанды облысының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жұмыс тобы, сондай-ақ облыс әкімінің жанынан «жасыл экономикаға» көшу жөнінде кеңес құрылғандығын. «Жасыл экономикаға»  көшу бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп жатқандығын айтып берді.

Семинар барысында қатысушыларға – суды 2-3 есе үнемдеуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тамшылатып суару технологиясы, жұмыс орындарын 10 есе артық қамтамасыз ететін қалдықты аралас жинаудан бөлектеп жинауға (қағаз, пластик, шыны) көшу,  сондай-ақ енді оны жеке инвестор да сала алатын, ал мемлекет белгілі бір мерзімге электр энергиясын кепілді түрде сатып алып бекітілген тарифпен қамтамасыз ететін жел станциясын салу сияқты инновациялық тәжірибелер көрсетілді.  Соңғысы 2013 ж. 6 шілдеде ҚР ЭЖК дамытуды  қолдау жөніндегі заңнамалық актілердің өзгеруі арқасында мүмкін болды.

Аймақтық семинар шеңберінде сол сияқты көрме ұйымдастырылып, онда  Қарағанды облысының бизнес өкілдері таза технологияны енгізу саласындағы өздерінің қол жеткізген жетістіктерін көрсетті.  Көрмені «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар өз жұмыстарын аяқтай келе Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы облыс әкімдіктері мен Қарағанды қ. бірлесіп іске асырып жатқан пилоттық жобаларды барып көрді, мұнда оларға   ТКШ мен құрылыста энергия тиімділігін көтеретін іс-шараларды іске асырудан түсетін пайдалар  көрсетілді. Н. Әбдіров даңғылындағы  9-үйде орналасқан тұрғын үйде  БҰҰДБ «Эргономика» компаниясымен бірлесе отырып энергиясервистік компанияның (ЭСКО) модельін сынақтау  шеңберінде автоматтандырылған жылу және жергілікті су жылыту пункттерін орнату жұмыстары жүргізді.   Пилоттық үйдің пәтерлерінің меншік иелері жылу энергиясына төлем бойынша 22 % астам қаражат үнемдеуге қол жеткізді.  Әлеуметтік  тұрғын үйлердің мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан 9-шағын аудандағы  Ермеков к. жаңа тұрғын үй оған БҰҰДБ және Ғаламдық Экологиялық Қор жобасының қаржысы есебінен құрылыстың энергиялық тиімді стандарттары пайдаланылғанымен ерекшеленеді. Үйді жылылау және жылуды рекуперациялау (кері қайтару) жүйесі коммуналдық шоттарда  30% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Аймақтық семинар «жасыл экономика» саясатын ақпараттық ілгерілетуге және энергияның жаңартылған көздерін дамыту, өнеркәсіптік қалдықтарды басқару, ТКШ энергиялық тиімділігін көтеру, тұрақты ауылшаруашылығын дамыту және экожүйелерді басқару мәселелеріндегі халықаралық тәжірибелер мен жергілікті компаниялардың тәжірибелерін зерттеуге жақсы мүмкіндік болды.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ИСПАНИЯ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ӨЗАРА ӘРЕКЕТТІ КҮШЕЙТЕДІ – МАРИАНО РАХОЙ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ИСПАНИЯ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ӨЗАРА ӘРЕКЕТТІ КҮШЕЙТЕДІ – МАРИАНО РАХОЙ30 қыркүйек, primeminister.kz

Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан мен Испания серіктестікті нығайтуға мүдделі, деп мәлімдеді Испания Корольдігінің Премьер-Министрі Мариано Рахой “Жасыл көпір” серіктестік бағдарламасы және “Экспо-2017″ халықаралық көрмесі жөніндегі халықаралық конференция барысында.

“Қазақстан тұрақты дамуға ұмтылып келеді, және де ынтымақтастығымыздың шеңберінде нақты қоршаған орта факторы маңызды рөл атқаратын болады. Қазақстанның “жасыл” экономикасының зор әлеуеті, сіздің еліңіздің экономиканы жетілдіру мақсатында көп күш жұмсап келе жатқандығы, және де үкіметтің жаңа жоспарларында жаңартылмалы энергияның маңызды рөл атқаратыны бізге мәлім”, – деді Испанияның үкімет басшысы.

Ол испандық компаниялардың Қазақстанмен ынтымақтастыққа, әсіресе қоршаған ортаны қорғау саласында қызығушылық танытып келе жатқанын атап өтті.

“Премьер-Министр мырза, біз “жасыл” экономиканың дамуына белсенді және ынтымақты түрде қатысуға мүдделіміз, осы ортақ күш салуға қатысуға бізде жігер жеткілікті. Орталық Азия елдері және Қазақстан Испанияның қолдауына әрқашан сенім арта алады”, – деді ол Серік Ахметовке айтқан сөзінде.

Бұдан өзге, М.Рахой Қазақстанға испан экспорты көлемінің артқанын атап өтті.

“Жыл сайын испан кәсіпкерлерінің сіздерге деген зор қызығушылығы артып келеді, оған соңғы 3 жылда осы елге испан экспортының айтарлықтай артқаны дәлел. Осылайша, ол 2011 жылы екі есеге, 2012 жылы 68%-ға артты және үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде экспорт 2012 жылдың жылдық көлемінен асып түсіп, 209 млн евроға жетті”, – деп қортындылады Испанияның Премьер-Министрі.

 

Астанада ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңестің төртінші отырысы өтті

Астанада ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңестің төртінші отырысы өтті28 қыркүйек күні Астанада ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңестің төртінші отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің делегациялары мен ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті Хатшылығының өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңестің үшінші отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысын қарастырды.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі – ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңес Төрағасы Нұрлан Қаппаров өз сөзінде Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен ұстанымдары жөнінде баяндама жасады.

«Тұжырымдаманың қабылдануынан жарты жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің жаңа даму бағыттарын айқындаған болатын. Стратегия-2050 – негізгі даму басымдықтарын белгілейтін басты құжат.  Сондықтан, қабылданатын барлық мемлекеттік бағдарламалар Қазақстанның экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруды көздейді», – деді Нұрлан Қаппаров.

Отырыс барысында ЕурАзЭҚ-на мүше елдердің арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімнің, 2014-2015 және кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ-на мүше елдер арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралары жоспарының, сараптама мен тізілім жүргізу мен ЕурАзЭҚ-на мүше елдерінің аумақтарында ластаушы заттар шығарындыларының көлемдерін есептеу  тәсілдемелерін және әуе тазалығын сақтауға бағдарламалық өнімдерін енгізу Тәртібінің, ЕурАзЭҚ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы үйлестіруші техникалық орталығы – Еуразиялық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу институты  жөніндегі Ережелердің жобалары қарастырылды. Сонымен қатар,  мемлекетаралық «Уран өндірісінің әсеріне ұшыраған ЕурАзЭҚ мүше елдерінің аумақтарын топырақ құнарлығын қалпына келтіру» нысанды бағдарламасының қызмет ету барысын талқылап,   тексерілетін субъектіге қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану салаларында қойылатын талаптар тізімі бойынша мақұлдасты.

Басқосу соңында ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңестің келесі отырысының өткізілу мерзімі мен орны, сондай-ақ, күн тәртібі келісілді.  Сонымен қатар, отырысқа қатысушалар ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңес Төрағалығына ұсынылған Ресей Федерациясы табиғи ресурстар және экология министрі Сергей Донскойдың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.  Сергей Донской ұйымның төрағалық функцияларын 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап орындай бастайды.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

 

ДУАДАҚТАР ТАБИҒАТ АЯСЫНА ЖІБЕРІЛДІ

 ДУАДАҚТАР ТАБИҒАТ АЯСЫНА ЖІБЕРІЛДІ22 қыркүйекте Халықаралық дуадақтарды қорғау қоры (ХДҚҚ) Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Біріккен Араб Эмираттарының тәлімбақтарында өсірілген 300 дуадақты табиғат аясына жіберді.

ХДҚҚ Әбу-Дабиде (БАЭ) дуадақтар санын қалпына келтіру мақсатында құрылған.

Қазақстанның ДҚХҚ-мен дуадақтарды зерттеу және қорғау ісіндегі ынтымақтастығы Әбу-Дабидің экология жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті арасындағы келісім негізінде жүргізіліп келеді.

Өрістейтін жабайы дуадақтың дені Қазақстанда жұмыртқалап көбейеді.

Азиялық дуадақты табиғат аясына жіберу олардың мінез-құлқын, мекендеген жерінде өрістеуі, Таяу және Орта Шығыс елдеріне қыстауға аттанар мерзімдері мен жолдарын анықтау үшін қажет.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

СЕРІК АХМЕТОВ ХКБ БАС ХАТШЫСЫ ВИСЕНТЕ ЛОССЕРТАЛЕСПЕН КЕЗДЕСТІ

СЕРІК АХМЕТОВ ХКБ БАС ХАТШЫСЫ ВИСЕНТЕ ЛОССЕРТАЛЕСПЕН КЕЗДЕСТІPrimeMinister.kz ,19 қыркүйек

Бүгін жұмыс сапарымен Францияда жүрген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов, Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы Қазақстан мен ХКБ-ның өзара іс-қимылы, сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық барысы болды.

Халықаралық көрмелер бюросымен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатына тоқталған Үкімет басшысы Қазақстан үшін ЭКСПО-2017 өткізудің маңыздылығын атап көрсетті.

«Қазақстан тарапынан көрмені сапалы өткізуге дайындық бойынша қажетті шаралардың бәрі жасалуда»,-деді С.Ахметов.

Премьер-Министр В.Лоссерталеске үстіміздегі жылдың желтоқсанында ХКБ-ға ұсынылатын, көрменің сәулеттік эскизіне конкурс өткізу бойынша Тіркеу досьесінің аяқталу кезеңі туралы хабарлады.

«Халықаралық конкурсқа әлемнің әр түрлі елдерінен 50-ден астам маман қатысты. Конкурстың қортындысы бойынша ЭКСПО көрмесі кешенінің негізі болмақшы эскиз-идея анықталады»,-деп хабарлады С.Ахметов.

В.Лоссерталес Астанада ЭКСПО-ны өткізуге дайындықтың жоғарғы деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, осы орайда Мемлекет басшысының рөлінің айрықша екенін атап көрсетті.

«Мен Астанада Қазақстан Президентімен кездестім. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге дайындық барысының оның тікелей бақылауында болатынын айтқан еді»,-деді Бас хатшы.

ХКБ Бас хатшысы «жиырма жылдан артық мен осы бағытта еңбек етіп келемін, көрмелер өткізем, менің тарихымда мұндай тез, жедел және тиімді түрде іске кірісіп кеткен ел болған жоқ»,-деп сөзін жалғастырды.

Кездесу соңында, В.Лоссерталес Қазақстан жағына мамандандырылған көрмені өткізу барысында табыс тіледі.

АНЫҚТАМА

Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) көрмелерді ұйымдастырушылар мен қатысушылардың міндеттері мен құқықтарын бекіткен 1928 жылы Париж қаласында қол қойылған халықаралық дипломатиялық Конвенциямен құрылды. ХКБ қызметі Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту мен бақылауды жүзеге асыруға бағытталған.

Бірінші дүниежүзілік әмбебап көрме 1851 жылы Лондонда өтті. Бүгінгі күні ХКБ-ға 163 ел кіреді. Қазақстан 1997 жылы ХКБ мүшесі болды.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ның 152-ші Бас Ассамблеясында жасырын дауыс беру нәтижесінде 103 қолдаушы дауыс,(44 қарсы) алып, Астана Бельгияның Льеж қаласынан озып, «ЭКСПО-2017» өткізу орны ретінде жарияланды.

 

АЛАКӨЛ ҚОРЫҒЫНА «ЮНЕСКО-НЫҢ БИОСФЕРАЛЫҚ РЕЗЕРВАТЫ» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

АЛАКӨЛ ҚОРЫҒЫНА «ЮНЕСКО-НЫҢ БИОСФЕРАЛЫҚ РЕЗЕРВАТЫ» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ19 қыркүйек, BNews.kz   Алакөл қорығына «ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты» мәртебесі берілді. Халықаралық ұйымның арнайы дипломы Астанада өтіп жатқан мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығының ашылуына байланысты форумда табыс етілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ЮНЕСКО-ның арнайы дипломын ұйымның бас директоры Ирина Бокова ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровқа салтанатты түрде табыс етті.

«Алакөл қорығы осындай жоғары мәртебеге лайық. Бұл қорықты бәріміз көруіміз керек. Өте әдемі жер екені айтылып жүр. Қазақстандықтар көптеген жылдар бойы осы әсем жерді қорғап келеді. Мен осы үшін алғысымды айтқым келеді. ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты өте жоғары мәртебе. Бұл ұйымның өте маңызды бағдарламасы екенін айтқым келеді. Ол Алакөл қорығын әрі қарай қорғауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ирина Бокова.

Алакөл қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының бүкіләлемдік жүйесіне енгізілген екінші қазақстандық қорық.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы