ЕСІЛ ӨЗЕНІНЕ ТҰҚЫ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ЖІБЕРІЛДІ

 ЕСІЛ ӨЗЕНІНЕ ТҰҚЫ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ЖІБЕРІЛДІ17 қыркүйек күні ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен бірге Есіл өзеніне Майбалық балық тәлімбағында өсірілген 20 мың шабақ жіберу акциясына қатысты.

Бұл шара ТМД елдерінде экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылын өткізу шеңберінде өткізілді.

Биылғы жылы балық ресурстарын және басқа су жануарларын ЕСІЛ ӨЗЕНІНЕ ТҰҚЫ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ЖІБЕРІЛДІ сақтау және ұдайы өндіру жөніндегі бюджеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысының негізгі су көздеріне – Нұра және Есіл өзендеріне, Вячеслав су қоймасына Майбалық балық тәлімбағында өсірілген тұқы (карп) балығының 41 млн. шабағы жіберілді.

Еліміздің су көздерін балықтандыру жұмыстарын ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің балық шаруашылығы комитетіне қарасты ұдайы өндіріс жүйесінің 7 кәсіпорны жүргізіп келеді.

 

Биыл балықтың бекіре, сиг, тұқы тұқымдас, сондай-ақ, дөңмаңдай және ақ амур сынды өсімдікпен қоректенетін құнды түрлерін өсіріп, су көздерін балықтандыруға берілген мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 158 миллионнан астам дананы құрады.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2013 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ҚР ҚОҚМ жанындағы орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңестің аңшылық шаруашылығы секциясының отырысын өткізді.

Кеңестің бұл секциясы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, халықаралық тәжірибені ендіру және инвестицияларды тарту салаларын реттейтін заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беру мақсатында құрылған.

Басқосу барысында «Қансонар» аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері Республикалық ассоциациясының қызметтік мәселелері қарастырылды.

Кеңес мүшелері аңшыларды есепке алу және тіркеу шараларын, сондай-ақ, тұрғындар денсаулығына қауіп төндіріп, ауыл, аңшылық және балық шаруашылықтарына зиян келтіретін жыртқыш аңдар санын реттеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру, сонымен қатар, осы бағыттағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылады.

ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДА, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУ «ШАНХАЙ ҮДЕРІСІНІҢ» МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАСЫ ДЕП САНАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДА, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУ «ШАНХАЙ ҮДЕРІСІНІҢ» МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАСЫ ДЕП САНАЙДЫҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішектегі ШЫҰ саммитінде өзінің баяндамасында барлық әріптес елдерге «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін өткізуге Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Бұл орайда Н.Ә.Назарбаев достас елдерге Астанадағы болашақ көрменің шараларына белсендірек қатысуды ұсынды.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы ШЫҰ ауқымында гуманитарлық ынтымақтастықты жандандырудың маңызын атап өтті және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуын жоғары бағалады. ҚР Президенті атап өткендей, Қазақстан инновациялық өзара іс-қимылды жеделдетуді жақтайды, ШЫҰ университеті мен ШЫҰ жастар кеңесі қызметін қолдайды .

- Мәдениет, білім, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, ғылым мен техника, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету «шанхай үдерісінің» маңызды құрамдасы деп санаймыз», – деп атап өтті өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҚҰЛАУЫ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

2013 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен «Протон-М» зымыран тасығышы құлауының салдарынан туындаған келеңсіз экологиялық зардаптарды жоюға бағытталған іс-шаралардың өткізілуін бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының (тобының) отырысы болып өтті.

Комиссия отырысына Қазақстанның мемлекеттік атқарушы органдары мен «Роскосмос» агенттігінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағының аумағында жүргізілген залалсыздандыру жұмыстардың үшінші кезеңінің нәтижелері, 4-ші кезеңнің барысы және «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған жерге жақын орналасқан аумақта тұратын халықтың денсаулығына әсерін зерделеу жөніндегі жұмыстар қарастырылды.

Роскосмос басшысының орынбасары Сергей Савельев 2013 жылғы 2 шілдедегі орын алған апаттық ұшырылудың себептерін зерттеу нәтижелері мен оның салдарын жою барысы туралы баяндады.

Апат салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесінің қорытындысы, оның ішінде ластанған учаскелерді залалсыздандыру туралы «Жердегі ғарыштық инфрақұрылымды пайдалану орталығы» Федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорны Бас директорының бірінші орынбасары Сергей Смирнов және Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов баяндама жасады.

«Протон-М» зымыран тасығышы құлауының «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аумақта тұратын халықтың денсаулығына тигізетін әсерін анықтау жөніндегі жұмыстар туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты.

Есептік баяндамалар қорытындысы бойынша Н. Қаппаров «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған аумақта жүргізілген залалсыздандыру жұмыстары нәтижесінде жағдайдың барынша жақсарғанын атап өтті. Құлау аймағындағы топырақтың ластану деңгейі 1000 еседен астам төмендеген және жалпы ластану аумағы қысқарған.

Министр топырақты гептилмен ластанудан залалсыздандырудың бірегей технологиясын сәтті енгізгені үшін қазақстандық «Ғарыш айлағы» компаниясына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Н. Қаппаров 11 қыркүйекте топырақты залалсыздандыру жұмыстарының әлі аяқталмағанын атап өтті.

«Біз детоксикациялау жұмыстарының 4-ші кезеңін аяқтауымыз керек. Ластанған аумақ толық залалсызданбағанша біз сіздерден «Протонды» ұшырмауыңызды сұраймыз»,- деді министр Н. Қаппаров осы орайда,- «Сонымен қатар, біз ресейлік тараптан алдағы уақытта «Протондардың» құламайтындығы жөнінде кепілдеме күтеміз».

Роскосмос басшысының орынбасары С.Савельев, ресейліктердің «Протон» зымыран тасығышының ұшырылуын 17 қыркүйектен кейінгі мерзімге шегеру мәселесін міндетті түрде қарастыратындығын жеткізді.

“Алдағы уақытта апаттарды болдырмау мәселесіне келсек, әлбетте, қажетті шаралардың бәрі қолға алынып жатыр, ондай жағдайды болдырмау үшін қолдан келетін барлық мүмкіндік жасалады”, – деп сендірді С.Савельев.

АТМОСФЕРАНЫ ҚОҚЫСПЕН ЛАСТАУ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕ 17-ШІ ОРЫНДА – ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

АТМОСФЕРАНЫ ҚОҚЫСПЕН ЛАСТАУ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕ 17-ШІ ОРЫНДА – ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІҚазАқпарат – Мамандардың берген бағасы бойынша жыл сайын ресурстарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде ел экономикасының жіберіп алған пайдасы жылына 4-8 млрд. долларды құрайды. Бұл туралы бүгін ҚазАқпаратқа ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров хабарлады.

«Егер біз өз әрекетімізді өзгертпесек, табиғи ресурстардың сарқылу мәселесі жайлы ойланбасақ, онда 2030 жылға қарай бұл мөлшер 14 млрд. долларға жетеді» – деді министр.

Н.Қаппаровтың сөзіне қарағанда, республикада өнеркәсіптік кәсіпорындардың әрекет ету салдарынан ауаның ластану деңгейі жоғары болып отыр.

«Атмосфераға зиянды қалдық шығару бойынша Қазақстан әлемде 17-ші орында. Ауаның негізгі ластаушыларына қатты бөлшектер, күкірт қос тотығы мен азот оксиді, сонымен қатар сынап, қорғасын, ысты газ бен диоксиндердің қоспалары жатады. Шаң, күкірт қос тотығы мен азот оксидінің аса ірі көлемде сыртқа шығарылуы Қазақстанның негізгі үш секторы: электр энергетикасы, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен көлік саласына қатысты», – деп нақтылады министр.

Қазақстан Президенті Санкт-Петербургтегі G20 саммитінде сөз сөйлейді

Қазақстан Президенті Санкт-Петербургтегі G20 саммитінде сөз сөйлейді

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургтегі «үлкен жиырмалық» - G20 саммитінде сөз сөйлейді.

Қазақстан «жиырмалық тобының» екікүндік саммитіне ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) өкілі ретінде шақырылды.

G20-дағы пікірталастар Қазақстан өзінің жаңғыртылатын энергияны қолдау бастамаларын таныстыру үшін ең ыңғайлы алаң болып табылады.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы