Электрондық және электр жабдықтарын кәдеге жарату

2016 жылғы 15 сәуірден бастап 5 маусым аралығында Астана қаласында  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен электрондық және электр жабдықтарын жинау бойынша акция басталды. 

Қазіргі таңда жарамсыз болып қалған электрондық және электр жабдықтарын олардың құрамында бағалы заттардан басқа қоршаған ортаны улайтын және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін  қауіпті заттар бар екеніне қарамастан, қоқыс  контейнерлеріне тастайды.

Электрондық және электр жабдықтары «ТЕХНОДОМ», «ALSER» дүкендерінде қабылданатын болады.

«КазЭкоТехАстана» ЖШС, «ПромТехноРесурс» ЖШС мамандандырылған ұйымдары акция аясында жиналған оргтехниканы, картридждерді қоса алғанда электрондық және электр жабдықтарын әрі қарай кәдеге жарату немесе қайталама пайдалану үшін таситын болады.  

Сонымен бірге, «КазЭкоТехАстана» ЖШС, «ПромТехноРесурс» ЖШС акцияға қатысушылар ретінде акция кезінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін де электрондық және электр жабдықтарын  тасу үшін ақысыз тапсыру туралы шарттар жасауға дайын екенін хабарлайды.

Одан басқа, заңды тұлғаларға аталған кәдеге жарату компаниялары жоюға берілетін қабылдау-тапсыру актілерін ұсынуға дайын.  

Байланыс деректері: «КазЭкоТехАстана» ЖШС-ның басқарушы серіктесі Андреев Владимир Ильич 87017374613, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«ПромТехноРесурс» ЖШС-ның бас директоры Мухин Павел Вадимович 87058334319, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Хабарландыру

«Жасыл Даму» АҚ Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша сот шешімдерімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды ақысыз негізде өткізу бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылғаны жайында хабарлайды.

Конкурсты өткізу туралы хабарлама

  «Жасыл Даму» АҚ  Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша  сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды ақысыз негізде өткізу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстық ұсыныстарымен конверттерді ашу  2016 жылдың 30 наурызында  сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасы Астана қ., Орынбор көш.,  11/1-үй, 710-кеңсе мекенжайында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау хабарландыру жария етілген күнінен басталады және 2016 жылғы 25 наурыз сағ. 17.00-де аяқталады.

Конкурстық ұсыныстар 2016 жылғы 30 наурыз сағат 15.00-ге дейін қабылданады.    

Байланысу, конкурстық комиссия хатшысы-Турсынбекова Д.С.Тел.: 8 7172 768255.

Қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы  

Лоттар       

Қалдықтардың атауы

Мөлшері  

Орналасқан жері

Бағалық құны

1

Винил-н-бутилді эфир

2,5 м3

Қарағанды облысы, Теміртау қ. «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» АҚ аумағы

 

Нөлдік

2

Додецилмеркаптан

17,974 т

3

Метакрил қышылының метилді эфирі

40 т

4

Фузелді су

50 т

5

Сілтілі  су

1,8 т

6

«Ескі» шламдық жинағыштың қалдықтары

15 104 000 т

Ақтөбе облысы Алға қ. бұрынғы С.М.Киров атындағы химиялық зауыттың аумағы

7

«Жаңа» шламдық жинағыштың қалдықтары

11 328 000 т

 Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның мөлшері барлық объекттер үшін «0» теңге.

 

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған

иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша

конкурсты өткізу шарттары

 Осы «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату» конкурсын өткізу шарттары Қазақстан  Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Қағида) және сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесіз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) сату бойынша ашық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу кезінде конкурстық комиссия жұмысының тәртiбiн айқындайды.

1. Қалдықтарды «Жасыл даму» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Ұйым) заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатады.

2. Ұйым конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар нысаны бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз негізде ұсынады.

3. Құжаттар пакеті конкурсқа әлеуетті қатысушылардың жазбаша берген өтінішінің негізінде конкурстық комиссияның хатшысы арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор көш. 11/1үй, 613-кеңсе мекенжайы бойынша беріледі, тел.: 8 7172 768255.  

4. Конкурс ашық тәсілмен және ашық конкурсқа қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында өткізіледі.

5. Конкурсқа қатысу өтінімі Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

6. Конкурсқа өтінімдерді қабылдауды Ұйым (конкурстық комиссия хатшысы арқылы) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор көш. 11/1үй, 613-кеңсе мекенжайы бойынша ақпараттық хабарламаны жария еткен күнінен бастап жүзеге асырады және өтінімдерді қарау күніне күнтізбелік үш күн қалғанда аяқтайды. Қатысушылардың өтінімдері өтінімдерді тіркеу журналында тіркелінеді. Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым өтініш берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат етілгені немесе дәлелді бас тартуы туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

7. Конкурсқа әлеуетті қатысушылар өтінімді беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылып куәландырылған  түрде ұсынады.

Конкурсқа әлеуетті қатысушы конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыны) тартуға құқылы.

Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін Ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

8. Конкурстық ұсыныс Қағидаға сәйкес ресімделеді.

9. Өтініш беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны конверттерді ашу рәсіміне бір сағат қалған уақыттан кешіктірмей ұйымға береді. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды. Конкурстық ұсыныста конкурс өткізу тәртібіне және өтініш берушінің міндеттеріне қатысты шарттармен өтініш берушінің танысқандығына нұсқау беріледі.

10. Конкурстың өтетін күнін Ұйым белгілейді.

11. Әлеуетті қатысушының конкурстық ұсынысы беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылған түрде ұсынылады.

12. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты конвертке салып жапсырады. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы мен заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс (конкурстық ұсыныс, егер ол «кешіккен» ретінде хабарланса, оны жабық күйінде қайтару мақсатында). Конверт мына: Астана қ., Орынбор көш. 11/1, 613-кабинет мекенжайы бойынша конкурсты ұйымдастырушының атына жазылуы және «ҚАЛДЫҚТАРДЫ САТУ БОЙЫНША КОНКУРС»,       201        ж. «   »                  САҒ.         МИН. ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген сөздер болуы тиіс.

13. Конкурстың қорытындыларын шығару тәртібі және жеңімпазды анықтау Қағидада белгіленген.

Хабарландыру

     "Жасыл даму" АҚ Ақтөбе облысы Алға қаласындағы бұрынғы С.М. Киров атындағы Алға химиялық зауытында орналасқан, сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды ақысыз негізде іске асыру бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылғаны жайында хабарлайды.

Хабарландыру

«Жасыл Даму» АҚ  Ақтөбе облысы, Алға қаласы, бұрынғы С.М.Киров атындағы Алға химиялық зауытының аумағында орналасқан, сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды өтеусіз іске асыру бойынша ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.  

Конкурстық ұсыныстарымен конверттерді ашу  2015 жылдың 10 наурызында сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасы Астана қ., Орынбор көш.,  11/1-үй,  711-кеңсе мекенжайында өтеді.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – хабарландыру жария етілген күнінен басталады.

Өтінімдерді берудің аяқталу мерзімі - 2015 жылғы 2 наурызы сағ.13.00-ге дейін.     

Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі – 2015 жылғы 10 наурызы сағ.15.00-ге дейін.     

Байланысу, конкурстық комиссия хатшысы - Турсынбекова Д.С.

Тел.: 8 7172 768255, 278031

 

Қалдықтардың орналасқан жері

Ақтөбе облысы, Алға қаласы, бұрынғы С.М.Киров атындағы Алға химиялық зауытының аумағы  

Қалдықтардың қысқаша сипаттамасы

Бағалау құны

Лот №

Атауы

Салмағы (тонна)

 

 

 

 

Нөлдік

1

Күкірт

2 995,0

2

Натрий тетрабораты («бура»)

165,0

3

Керамикалық футеровка

1 205,0 

4

Мазут

232,0

5

Бор қышқылы

120,0

6

Әк тас

1 199,0

7

Суперфосфатпен ластанған матадан жасалған бұйымдар

37,0

8

Керамикалық бұйымдар

53,0

9

Армирленген полимер материалдарынан жасалған құбырлар

224,0

10

Көмір

29,0

11

Металлқұрылыстар

2 049,0

12

Пириттік тұқыл

35 354,0

13

Құрылыс қалдықтары

510 423,0

14

Асфальт

200,0

15

Күкіртті колчедан

147 538,0

16

Тұрмыстық қоқыс

30,0

17

Шыны

59,0

18

Графит

30,0

19

Күл

16,0

20

Апатит

4 013,0

21

Суперфосфат

24 576,0

22

Ванадий катализаторы

403,0

Сыртқа шығару шарттары

Өз бетімен сыртқа шығару

Жарна мөлшері

0 теңге

           

 

Ссылка - Конкурсты өткізу шарттары

Хабарландыру

«Жасыл Даму» АҚ   Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы С.М. Киров атындағы бұрынғы химиялық зауыт аумағында орналасқан  қауіпті қалдықтарды сату бойынша ашық конкурс өтілмеді деп танылғанын хабарлайды.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы