Конкурсты өткізу туралы хабарлама

  «Жасыл Даму» АҚ  Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша  сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды ақысыз негізде өткізу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстық ұсыныстарымен конверттерді ашу  2016 жылдың 30 наурызында  сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасы Астана қ., Орынбор көш.,  11/1-үй, 710-кеңсе мекенжайында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау хабарландыру жария етілген күнінен басталады және 2016 жылғы 25 наурыз сағ. 17.00-де аяқталады.

Конкурстық ұсыныстар 2016 жылғы 30 наурыз сағат 15.00-ге дейін қабылданады.    

Байланысу, конкурстық комиссия хатшысы-Турсынбекова Д.С.Тел.: 8 7172 768255.

Қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы  

Лоттар       

Қалдықтардың атауы

Мөлшері  

Орналасқан жері

Бағалық құны

1

Винил-н-бутилді эфир

2,5 м3

Қарағанды облысы, Теміртау қ. «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» АҚ аумағы

 

Нөлдік

2

Додецилмеркаптан

17,974 т

3

Метакрил қышылының метилді эфирі

40 т

4

Фузелді су

50 т

5

Сілтілі  су

1,8 т

6

«Ескі» шламдық жинағыштың қалдықтары

15 104 000 т

Ақтөбе облысы Алға қ. бұрынғы С.М.Киров атындағы химиялық зауыттың аумағы

7

«Жаңа» шламдық жинағыштың қалдықтары

11 328 000 т

 Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның мөлшері барлық объекттер үшін «0» теңге.

 

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған

иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша

конкурсты өткізу шарттары

 Осы «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды сату» конкурсын өткізу шарттары Қазақстан  Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Қағида) және сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесіз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) сату бойынша ашық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу кезінде конкурстық комиссия жұмысының тәртiбiн айқындайды.

1. Қалдықтарды «Жасыл даму» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Ұйым) заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатады.

2. Ұйым конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар нысаны бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз негізде ұсынады.

3. Құжаттар пакеті конкурсқа әлеуетті қатысушылардың жазбаша берген өтінішінің негізінде конкурстық комиссияның хатшысы арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор көш. 11/1үй, 613-кеңсе мекенжайы бойынша беріледі, тел.: 8 7172 768255.  

4. Конкурс ашық тәсілмен және ашық конкурсқа қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында өткізіледі.

5. Конкурсқа қатысу өтінімі Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

6. Конкурсқа өтінімдерді қабылдауды Ұйым (конкурстық комиссия хатшысы арқылы) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор көш. 11/1үй, 613-кеңсе мекенжайы бойынша ақпараттық хабарламаны жария еткен күнінен бастап жүзеге асырады және өтінімдерді қарау күніне күнтізбелік үш күн қалғанда аяқтайды. Қатысушылардың өтінімдері өтінімдерді тіркеу журналында тіркелінеді. Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым өтініш берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат етілгені немесе дәлелді бас тартуы туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

7. Конкурсқа әлеуетті қатысушылар өтінімді беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылып куәландырылған  түрде ұсынады.

Конкурсқа әлеуетті қатысушы конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыны) тартуға құқылы.

Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін Ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

8. Конкурстық ұсыныс Қағидаға сәйкес ресімделеді.

9. Өтініш беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны конверттерді ашу рәсіміне бір сағат қалған уақыттан кешіктірмей ұйымға береді. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды. Конкурстық ұсыныста конкурс өткізу тәртібіне және өтініш берушінің міндеттеріне қатысты шарттармен өтініш берушінің танысқандығына нұсқау беріледі.

10. Конкурстың өтетін күнін Ұйым белгілейді.

11. Әлеуетті қатысушының конкурстық ұсынысы беттері нөмірленген, тігілген және соңғы бетіне оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылған түрде ұсынылады.

12. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты конвертке салып жапсырады. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы мен заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс (конкурстық ұсыныс, егер ол «кешіккен» ретінде хабарланса, оны жабық күйінде қайтару мақсатында). Конверт мына: Астана қ., Орынбор көш. 11/1, 613-кабинет мекенжайы бойынша конкурсты ұйымдастырушының атына жазылуы және «ҚАЛДЫҚТАРДЫ САТУ БОЙЫНША КОНКУРС»,       201        ж. «   »                  САҒ.         МИН. ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген сөздер болуы тиіс.

13. Конкурстың қорытындыларын шығару тәртібі және жеңімпазды анықтау Қағидада белгіленген.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы