Электрондық және электр жабдықтарын кәдеге жарату

2016 жылғы 15 сәуірден бастап 5 маусым аралығында Астана қаласында  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен электрондық және электр жабдықтарын жинау бойынша акция басталды. 

Қазіргі таңда жарамсыз болып қалған электрондық және электр жабдықтарын олардың құрамында бағалы заттардан басқа қоршаған ортаны улайтын және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін  қауіпті заттар бар екеніне қарамастан, қоқыс  контейнерлеріне тастайды.

Электрондық және электр жабдықтары «ТЕХНОДОМ», «ALSER» дүкендерінде қабылданатын болады.

«КазЭкоТехАстана» ЖШС, «ПромТехноРесурс» ЖШС мамандандырылған ұйымдары акция аясында жиналған оргтехниканы, картридждерді қоса алғанда электрондық және электр жабдықтарын әрі қарай кәдеге жарату немесе қайталама пайдалану үшін таситын болады.  

Сонымен бірге, «КазЭкоТехАстана» ЖШС, «ПромТехноРесурс» ЖШС акцияға қатысушылар ретінде акция кезінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін де электрондық және электр жабдықтарын  тасу үшін ақысыз тапсыру туралы шарттар жасауға дайын екенін хабарлайды.

Одан басқа, заңды тұлғаларға аталған кәдеге жарату компаниялары жоюға берілетін қабылдау-тапсыру актілерін ұсынуға дайын.  

Байланыс деректері: «КазЭкоТехАстана» ЖШС-ның басқарушы серіктесі Андреев Владимир Ильич 87017374613, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«ПромТехноРесурс» ЖШС-ның бас директоры Мухин Павел Вадимович 87058334319, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

                          

 

// Жаңалықтар // Жарияланымдар // Кері байланыс // Байланыстар: Астана, Алматы